{metadescription}
Министрлік қырғыз етін тасымалдауға неліктен тыйым салынғанын түсіндірді
Министрлік қырғыз етін тасымалдауға неліктен тыйым салынғанын түсіндірді

Министрлік қырғыз етін тасымалдауға неліктен тыйым салынғанын түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрлігі бес бірдей қырғыз компаниясына елімізге  ет тасымалдауына уақытша тыйым салды. Ресми Астана көрші мемлекеттен аса қауіпті мал ауруының таралуы мүмкін деп  қауіптеніп отыр.

Тұрсын Қабдолданов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары:

-Аусыл ауруы, сібір жарасы, күл ауруы, солар туралы нақты ақпарат толығымен берілмегендіктен және осылардың Қазақстан еліне ену мүмкіндігінің тәуекелдігі бар екендігіне байланысты осындай шешімдер қабылданған.

Уақытша шектеу бүгіннен басталды.  Қашанға дейін созылатыны белгісіз.  Бұл ресми Астананың Бішкекке жасаған ескертуі болуы да мүмкін. Өйткені  қырғыздар екі күн бұрын құс тұмауы мен Ньюкасл дертінен қауіптеніп, Солтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарынан ет өнімдерін қабылдауды тоқтатқан болатын. Біздің тарап оны негізсіз дейді. Өйткені, Солтүстік Қазақстан облысында карантин жарияланып, ол былтыр.  қыркүйек айында алынып тасталған. Ал Алматы облысында құс тұмауы мүлде болмапты. Қазір осы шектеулерге байланысты екі жақ келіссөздер жүргізіп жатыр екен.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.