{metadescription}
Ақтөбеде қоймада болған жарылыстың себебі анықталды
Ақтөбеде қоймада болған жарылыстың себебі анықталды

Ақтөбеде қоймада болған жарылыстың себебі анықталды

Ақтөбеде екі жұмысшының өліміне себепші болған жарылыс мұнай қоймасында қауіпсіздікті сақтамаудан болған. Тексеру жүргізген комиссия сондағы басшылардың немқұрайлылығынан деп отыр.

Осыдан тура бір ай бұрын Синойл бекетіне тиесілі қоймадан көлікке жанармай құйып жатқанда жарылыс болған еді. Денелері түгелдей күйіп қалған 55 жастағы әйел мен 38 жастағы ер азамат ауруханада мерт болды.  Енді олардың өліміне тексерушілер компания басшыларын кінәлап отыр. Себебі, қауіпті аймаққа кіріп-шыққан адамдарды тексермеген. Өрттің алдын алуға жағдай жасамапты. Енді ішкі істер департаменті тергеуді бастамақ.

Самат Тәждәулетов, Ақтөбе облыстық индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік департаментінің бөлім басшысы:

-Жарылысқа екі себеп болды. Оның бірі өндіріс орнында ешқандай қауіпсіздік сақтамаған. Әсіресе күзет қызметінде олқылықтар анықталды. Ал екіншісі технологиялық тәртіпке байланысты. Марқұм болған жұмысшылардың жарылысқа еш қатысы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде