{metadescription}
Қазақстан чемпиондары әлемдік додаға  қатыса алмауы  мүмкін
Қазақстан чемпиондары әлемдік додаға  қатыса алмауы  мүмкін

Қазақстан чемпиондары әлемдік додаға қатыса алмауы мүмкін

Аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпиондары әлем біріншілігіне қатыса алмай қалуы мүмкін. Халықаралық ұйым белгісіз себептермен ұлттық құраманың мүшелерін тіркеуге алмай отыр. Сөйтіп жыл бойы іріктеуден өтіп, ел чемпионы атанған гүрзі жұдырықтылардың еңбегі еш кеткелі тұр.

Анатолий Ким, Қазақстан ММА федерациясының вице-президенті:  

-Бахрейндегі әлем чемпионатының алдында халықаралық ұйым бізді қатыса алмайтын жағдайға қалдырып отыр. Ресми түрде жариялаған жоқ, бірақ, спортшыларымызды тіркей алмай отырмыз. Біздің орнымызға бізге белгісіз, іріктеу турларына қатыспаған спортшыларды алып жатыр. Бұл барып тұрған заңсыздық.

Биылғы әлем чемпионаты Бахрейнде қарашаның 11-і мен 18-і аралығында өтеді. Оны  WММАА және IMMAF ұйымдары бірігіп ұйымдастырып жатыр. Оған ұлттық құраманың қатысатыны бір жыл бұрын келісіліп қойылған. Бірақ, олар Қазақстанның негізгі құрамасын неге тізімге алмай отырғанын түсіндірер емес. Оның орнына еліміздің атынан греплинг және панкратион қауымдастығы барып алыпты. ММА Федерациясы өкілдерінің айтуынша, олардың Қазақстан атынан қатысуға заң тұрғысынан қақы жоқ. Ал халықаралық қауымдастық бұған көз жұмып отыр дейді. Ал жыл бойы іріктеуден өтіп, өз салмағында чемпион атанған 20-дан аса әуесқой спортшы енді мемлекеттің көмегіне зәру. Енді іске Спорт министрлігі де араласқалы отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде