{metadescription}
Университеттердің рейтингі  жұмысқа орналасқан түлектердің санына қарай анықталады
Университеттердің рейтингі  жұмысқа орналасқан түлектердің санына қарай анықталады

Университеттердің рейтингі жұмысқа орналасқан түлектердің санына қарай анықталады

Білім министрлігі жоғарғы оқу орындарының жұмысын жаңа әдіспен бағаламақ. Бұл туралы Тұңғыш Президент қорында өткен халықаралық форумда айтылды.

Асхат Аймағамбетов, Білім және ғылым вице-министрі:

-Біз үшін ең бастысы ЖОО өздерінің мәліметі емес, ресми мәлімет.  Мынау зейнетақы қорына төлеп отырған көрсеткіштер. Егер адам, біздің түлегіміз жұмысқа орналасса, зейнетақы қорына он пайызы төленеді ғой. Сондықтан осы көрсеткіш бойынша нақты, шынайы ақпарат аламыз.

Яғни жоғары оқу орындары енді жұмысқа орналасқандар жайлы жалған ақпарат беріп,  жұртты алдай алмайды. Статистика тек зейнетақы қорындағы жас салымшылардың санына қарай жасалады. Бұл университеттердің   білім беру сапасын шын  бағалауға мүмкіндік бермек. Аккредитация және рейтингтің тәуелсіз агенттігі мен Тұңғыш Президент – Елбасы қоры ұйымдастырған «Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша екінші  Орта Азиялық халықаралық форумға» Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сынды елдерден де мамандар қатысты.

Қанат Жұмабаев, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы  Қорының атқарушы директоры:

-Соңғы жылдары Қазақстанда білім беру саласында айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Енді біз атқарылған жұмыстарға сараптама жасауымыз қажет. Ал осындай халықаралық жиындар идея, тәжиребе алмасуға баға жетпес мүмкіндік береді.

Кеше

14 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.