{metadescription}
Алматыда жылусыз қалған жұрт шу шығарды
Алматыда жылусыз қалған жұрт шу шығарды

Алматыда жылусыз қалған жұрт шу шығарды

Алматыда «Жас қанат» кешенінің тұрғындары жылусыз жаурап отыр. Жаңа үй болғанымен, құбырдағы апатқа байланысты жылу берілмей, жауаптылардың жауапсыздығынан тоңуға мәжбүрміз дейді. Ал ұлардай шулаған тұрғындарға тек бүгін келген атқамінерлер жағдай оңалады деп жайбарақат жүр.

Баспаналы болғанда бөркін аспанға атқан Ербол Қоспанов енді осындай қиындыққа тірелді. Жаңа үйдің құбыры жыл өтпей жатып сыр беріп, пәтерін су басқан. Ербол секілді «Жас қанат» кешеніндегі өзге тұрғындарға жылудың қорлығы өтіп тұр.

Динара Башкеева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Жылу электр пештерін қосып отырмыз. Ас үйге де, залға да. Қиналып кеттік.  

 «Жас қанат» кешеніндегі кем-кетік мұнымен бітпейді. Жазда ғана берілген баспананың қабырғасы жарылып жатыр. Арықтың жоқтығынан, жаңбыр жауса аула кішігірім «Венецияға» айналады. Үш күннен бері шулағандардың базынасы құлақтарына енді жеткен болар, әкімдік пен мемлекеттік бағдарламамен үйді берген компанияның өкілдері бүгін ғана төбе көрсетті. «Келдік. Көрдік. Кемшілікті түзетеміз» деп уәделерін берді.

Айдос Бекетаев, Түрксіб ауданы Коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

-Дұрыс жасалмаған жердің бәрін жасап, тұрғындарға жылу беруге бәрі әрекет жасап жатырмыз.  Қанша күнде?  Осы бүгін ертең бәрін бітуіміз керек. Әр үйді одан кейін арнайы жүріп шығамыз.

Атқамінерлер тұрғындарды тұқыртқан күрделі мәселенің күрмеуі бір-екі күнде шешіледі деп сендіріп отыр. Бір жыртық жамалғанмен, жаңбыр, қар жауса адамдардың есін шығаратын арық проблемасына әзірге жауап табылмады. Сондықтан қолайсыз ауа-райында тұрғындардың тілерсектен су кешулеріне тура келеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.