{metadescription}
Коммуналдық апат: Екібастұзда 800-ге жуық пәтер ыстық сусыз отыр
Коммуналдық апат: Екібастұзда 800-ге жуық пәтер ыстық сусыз отыр

Коммуналдық апат: Екібастұзда 800-ге жуық пәтер ыстық сусыз отыр

Тұрғындардың айтуынша, бұған үш жыл бұрын орнатылған жаңа жылытқыш құрылғы себеп. Бұған дейін үйлерінде ыстық судың үздіксіз ағып тұрғанын айтқан жұрт мәселені көтеріп, талай табалдырықты тоздырғанымен, ештеңе өзгермепті. Ал жергілікті атқамінерлер үш жылда күрмеуі шешілмеген мәселені жақын күндері тындырып береміз деп кезекті рет уәде беріп отыр.

Динара Төлешова 4 жыл бұрын мына пәтерге көшіп келгенінде қатты қуанған. Бірақ көп ұзамай қуанышы су сепкендей басылыпты. Өйткені, Екібастұздың қақ ортасында орналасқан бес қабатты тұрғын үйде үш жылдан бері ыстық су жоқ. Осының кесірінен отбасы шығынға батып отыр.

Динара Төлешова, Екібастұз қаласының тұрғыны:

– Әсіресе мен сияқты кішкентай баласы бар жандар үшін қиын. Сәби жиі дәретке отырады ғой, қайта-қайта су жылыту тиімсіз. Бірақ басқа амал жоқ. Күйеуім жұмыстан соң дұрыс жуына алмайды да. Суды жиі тоқпен жылытқандықтан, айына жарық үшін 7 мың теңге төлеуге тура келеді.

Аулада жиналған мына тұрғындардың да базынасы дәл осындай. Ыстық судың жоқтығынан шалғай ауылдардағы әдіске жүгініп әлекпіз дейді.

Гүлнар Жүсіпбекова, Екібастұз қаласының тұрғыны: 

- Менде екі жұмыскер бар, шәйнекпен жүгірем екеуіне кезек-кезек. " Су арнасының" бас директоры кабинетте отырады әдемі галстукпен. Жүгірсінші шәйнекпен көрейін мен құсап.

-Ықшамаудан тұрғындары бұған дейін үйлерінде ыстық судың үздіксіз ағып тұрғанын айтады. Кейін мына нысан ішіндегі ескі су жылытқыш құрылғысы жаңасына ауыстырылысымен бұл рахаттан мүлдем қағылыпты. Мәселені көтеріп талай табалдырықты тоздырғандарымен 800-ге жуық пәтерде ыстық су сол күйі пайда болмапты.

Бар пәлені заманауи су жылытқыш құрылғысынан көрген тұрғындардың өздерін ыстық сусыз қалдырған монополистерге өкпесі қара қазандай. Ал артық қыламыз деп тыртық қылған олар енді өздеріне шаң жуытар емес. Атқамінерлер болса, мәселе жақын арада шешімін табады деп сендіріп отыр. 

Серік Уәхит, Екібастұз қаласы тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары:

- Біздің мамандар анықтап жатыр неге күші жетпейтінін. Анықтағаннан кейін ғана  айта аламыз. Қазіргі уақытта ештеңе айта алмаймыз.

Монополистер дің айтуынша, энергия үнемдеуші құрылғы күні-түні тынымсыз жұмыс істеп тұр, ыстық су қысымы да тұрақты. Бірақ 800-ге жуық пәтерге қайнаған судың не себепті бармай тұрғанын ешкім дөп басып айта алмай отыр. Алдағы күндері Екібастұз су арнасы мен жылу-энерго мекемелері бұл мәселені бірлесе шешуі тиіс. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.