{metadescription}
Алматы облысының тұрғыны сот ғимаратына өзін шынжырлап тастады
Алматы облысының тұрғыны сот ғимаратына өзін шынжырлап тастады

Алматы облысының тұрғыны сот ғимаратына өзін шынжырлап тастады

Алматы облысының тұрғыны сот ғимараты алдында наразылық шарасын өткізді. Елена Мамбаева үстіне жанармай құйып, өзін ғимарат қақпасына шынжырмен байлап тастаған. 

Ол осылайша Алматы облыстық адвокаттар коллегиясының мүшесі Жағыпаровқа наразылығын білдірмек болған. Өйткені, жол апатына қатысты күйеуін қорғауды мойнына алған қорғаушы істі жөнді жүргізбеді деп отыр. Соның кесірінен сотта жеңіліп қалған. Енді қызметі үшін алған 120 мың теңгені кері қайтаруды талап етуде. Наразылық білдірген келіншек қаладағы құтқару қызметіндегілерді де әбігерге салды. Сот ғимаратына өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем жетті. Ақыры оны тәртіп сақшылары шынжырынан босатып, ішкі істер бөліміне алып кетті. Енді заңсыз наразылық ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылатын болды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.