{metadescription}
Қолына кісен салынған атышулы қырғыз депутаты сот алдында жауап бере бастады
Қолына кісен салынған атышулы қырғыз депутаты сот алдында жауап бере бастады

Қолына кісен салынған атышулы қырғыз депутаты сот алдында жауап бере бастады

37 жастағы Дамирбек Асылбекұлы ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, контрабандамен айналысты деген күдікке ілінген болатын. Бұрынғы халық қалаулысымен бірге тағы 35 адамның ұсталғанын еске сала кетейік.   

Солардың 12-сі бүгін сотталушы орындығына отырды. Ішінде атышулы алматылық миллионер Есбол Жапбасов та бар. Ол депутаттан кейін екі айдан соң қамауға алынған болатын. Тергеушілердің мәліметінше, сыбайластар қазақ-қырғыз шекарасында ұзақ жылдардан бері контарабандамен айналысқан. Жоғарығы Кеңес депутаты Қырғызстаннан құс етін тасыса, ал Жапбасов тонналап мұнай өнімін өткізіп жүріпті. Ол аздай, бақылау пунктерін өз қарамақтарына алып, әрбір кіріп-шыққан жүк көлігінен ақша алып отырған көрінеді. Сорақысы сол, кеденшілердің де, полиция қызметкерлерінің де ұйымдасқан топқа шамасы жетпеген. Осылайша, кеден бекетінде білгенін істегендер сотқа бетперде киіп келді. Жұртқа түрін көрсетуге ұялғандар бүгін өздеріне тағылған айыптармен танысты. Атышулы сот процесінің ұзаққа созылатын түрі бар. Өйткені онға жуық бап бойынша іс қозғалған.     

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде