{metadescription}
Атырау облысында кафенің иесін ұрып кеткен полицейлер жұмыстан қуылды
Атырау облысында кафенің иесін ұрып кеткен полицейлер жұмыстан қуылды

Атырау облысында кафенің иесін ұрып кеткен полицейлер жұмыстан қуылды

Оқиға шілде айында Құрманғазы ауданындағы кафелердің бірінде болған.

Мына кадрлердегі төбелестің бел ортасында жүрген екі жігіт Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімінің майор шеніндегі қызметкерлері. Куәгерлердің айтуынша, кафеден қарындарын тойдырған бұлар ақша төлеуден бас тартқан көрінеді. Оған қарсылық білдірген дәмхана иесін ұрып, тіпті іштегі жиһаздарды да сындырған. Ақырында өз дегендерін жасап, көрсетілген қызметке бір тиын да төлеместен кете барған-мыс. Бұл істі тексерген облыстық ішкі істер департаментінің қауіпсіздік қызметі әріптестеріне қатысты қылмыстық іс қозғапты. Сондай-ақ, ондағылар куәгерлердің айтқанын теріске шығарды.

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қазіргі кезде тәртіптік жаза қолданылып, қызметкерлерді жұмыстан қызметінен босату шаралары алынды. Бұдан бөлек кикілжің мәзірдің қаржысын төлемеу салдарынан емес, жаңағы кафенің иесі мен полиция қызметкерлерінің арасында болған келіспеушілік салдарынан болған.  Ол азаматтар өзара туысқандық қарым-қатынаста.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде