{metadescription}
Денис Теннің өліміне қатысты күдіктілердің қамау мерзімі ұзартылды
Денис Теннің өліміне қатысты күдіктілердің қамау мерзімі ұзартылды

Денис Теннің өліміне қатысты күдіктілердің қамау мерзімі ұзартылды

Атышулы іс бойынша үш күдікті де тағы он бес күн қамауда ұсталады.

Диас Махамбетов, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

- Сот күдіктілердің бірі Жанар Толыбаеваны қамауда тағы 15 тәулік, яғни 7 қарашаға дейін және қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырған Арман Құдайбергеновті 4 қарашаға дейін қамауда ұстауды. Сондай-ақ күдікті Нұралы Қиясов та тағы 15 тәулік, яғни жарты ай қамауда болады.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза тапқан еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі уақытта шамасында болған. Адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қылмыстарын мойындаған болатын. Содан бері тергеу жұмыстары жүргізіліп, ұсталғандар сотқа дейінгі қамауда 3 айға жуық уақыт отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.