{metadescription}
Комсомолдың 100 жылдығын дүркіретіп тойлағандар сынның астында қалды
Комсомолдың 100 жылдығын дүркіретіп тойлағандар сынның астында қалды

Комсомолдың 100 жылдығын дүркіретіп тойлағандар сынның астында қалды

Алматыда кеңес одағымен бірге тарап кеткен комсомолдың 100 жылдығы тойланды. Игі жақсылар қатысқан жиында олардың кейбірінің кеудесіне мерекелік төс бөлгі тағылды.  Кеш барысында қазақ эстрадасының жұлдыздары əуелете əн шырқады. Бірақ алаулаған қызыл жалау арқылы Кеңес үкіметін еске оралтқан шараға қоғам белсенділері қарсылық танытуда.

Бұл Алматыда дүркіреп өткен комсомолдың 100 жылдығына арналған жиынның бір сәті. «Абылайдың асында шаппағанда» дегендей, бұл басқосуда қызыл ту желбірейді. Ғасыр тойында мәре-сәре шұрқырасқан кешегі комсомолдар кеудесіне мерекелік төс белгі тағып мәз. Ал коммунистік халық партиясының өкілдері шараны жекелеген тұлғалар ұйымдастырды деп отыр. Бірақ комсомол ұйымы жүректерінде мәңгілікке сақталғанын жасырмады.

Әлібек Шапенов, ҚКХП Алматы қалалық қомитетінің бірінші хатшысы:

-Маған белгілісі, бұл жиынды бастамашыл топ пен  жекелеген тұлғалар ұйымдастырды. Тіпті мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым деп те нақты айта алмаймын. Біздің өзіміз қонақ ретінде қатыстық. Бірақ бұл кеште комсомолды, жастық шағымызды еске алдық. Себебі, комосомол біздің даңққа толы өткен шағымыз.

Бір ғасыр бұрын құрылған комсомол ұйымы 1991 жылы Кеңес үкіметімен бірге тарап кеткені баршамызға белігілі. Бірақ Алматыдағы жиынды қызу талқыға салған жұрт бұл ұйымның 100 жылдығының тойланғанын түсінбей әлек. Ал саясаттанушы Дос Көшімнің айтуынша, коммунистік партияға түбегейлі баға берілмейінше мұндай сорақалықтан көз ашпаймыз. Себебі, талайды тезге салатын ұлттық идеология ақсап тұр дейді ол.  

Дос Көшім, саясаттанушы:

-Шындығында да комсомолдардың жасағаны коммунистердің жасағанымен бірдей. Оны інілері, артынан еріп келе жатқан ізбасарлары дейтін. Сондықтан да олар тоталитарлық режимнің жауынгерлері. Сол жауынгерлердің жиналып алып, 100 жылдығын тойлап жатуы қазақ халқын, қазақ қоғамын қорлаған, күлген сияқты, ал не істейсіңдер деген сияқты елестейді.

Алайда комсомолды қызғыштай қорыған ізбасарлары жиынның саяси салмағы жоқ, ешқандай ұран тастамадық, тек өткен-кеткенді еске алумен шектелдік деп ақталуда. Бірақ саясаттанушылар кейбір елдерде той тойламақ түгілі Кеңестік жүйені еске түсіретін белгілерді насихаттауға тыйым салынғанын айтады. Ал комсомолдың нақты құрылған күні - қазанның 29-ы. "Ол күннің қалай тойланатынын кім білсін?" дейді белсенділер.

Кеше

16 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде