{metadescription}
Павлодар облысында жаңа туған баласын қоқысқа тастаған студент қыз болып шықты
Павлодар облысында жаңа туған баласын қоқысқа тастаған студент қыз болып шықты

Павлодар облысында жаңа туған баласын қоқысқа тастаған студент қыз болып шықты

Павлодар облысында жаңа туған баласын қоқысқа тастап кеткен жас келіншектің жағдайын психологтар бақылап жатыр. 17 жастағы студент қыз қазір Ақсу қаласындағы ауруханада ем-дом қабылдауда. Полицейлер бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Кәмелет жасына толмаған қыздың өзі жүктілігін жақындарынан жасырып келгенге ұқсайды.

Ақсулықтар осы сұмдық жайттан әлі де есеңгіреп отыр. Дүние есігін енді ашқан сәбиді біреу таң атпай мына қоқыс жәшігінің маңына тастап, ізін суытқан.

-Қоқыс жәшігінің жанында жатқан шақалақтың денесін алғаш боп мұнда бөтелке жинап келген ер адам аңғарыпты. Өз көзіне өзі сенбеген ол мұны осы маңдағы тұрғындарға хабарлаған. Осы жерден шынымен де бала денесін көрген жұрт бірден полицейлерді шақырған. Тәртіп сақшылары болса, иісшіл иттің көмегімен сәбидің 17 жастағы анасын тауыпты.

Сөйтсе, ол мына жатақханадағы туыстарының үйін жағалаған студент қыз екен. Ай-күні жетіп, салмағы үш келіден асатын баланы пәтерде өзі босанған бойжеткеннің жанында сол сәтте біреудің болған-болмағанын, сәбидің өлі не тірі туғанын қазір ешкім дөп басып айта алмайды. Бір анығы, оның жүктілігін бөтен адамдар байқап қалған.

Елена Никиченко, үй басқарушысы:

- Естіп білгенде жағамды ұстадым. Іштен шыққан баланы қалай тастай салуға болады? Туыстарына келіп жүрген жас қызды көргеніміз рас. Қандай жағдай болмасын жедел жәрдем шақыруға болады емес пе? Бұл үлкен күнә ғой.

Қыздың өзі Ақсу қаласындағы колледждің студенті. Жүктілігіне қатысты еш жерде тіркелмепті. Ақхалаттылар болса, үйде босанған оның денсаулығы қазір қалыпты дейді. 

Надежда Здоровова, Ақсу қалалық ауруханасы стационарының бас дәрігері:

-2001 жылы туған жас әйел баланы үйде босанған. Бұдан соң ауруханаға жеткізіліп, гинеколог дәрігердің қарауынан өтіп тексерілді. Жағдайы жаман емес. Десе де, психологтар бақылап жатыр.

Бойжеткеннің өзі Павлодар ауданындағы ауылдардың бірінде тұрады. Оқуға түскелі Ақсудағы аға-жеңгесінің үйінде тұрып келген. Бейресми мәліметтерге қарағанда, жас қыз биыл көмтемде кездесіп жүрген жігітін әскерге шығарып салыпты. Қазір бұл жайтқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, сараптама жүргізілуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде