{metadescription}
Сағынтаев бюджет ақшасына ауыз ашып отыратын әкімдерге шүйлікті
Сағынтаев бюджет ақшасына ауыз ашып отыратын әкімдерге шүйлікті

Сағынтаев бюджет ақшасына ауыз ашып отыратын әкімдерге шүйлікті

Бүгін Премьер-министр шетелден инвестиция тарта алмай отырған әкімдерге шүйлікті. Өйткені, жергілікті атқамінерлер бюджет ақшасын шашып, бизнес-форум өткізуді әдетке айналдырған. 

Бірақ, мұндай халықаралық жиындар шетелдің миллиардерлерін қаншалықты қызықтырып жатқаны белгісіз дейді Бақытжан Сағынтаев. Сондықтан ол ақшаны рәсуа қылып  түрлі бизнес  форумдар өткізгенше  нақты іске көшуді тапсырды. Қазір Қызылорда, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент және Астана қалаларына инвесторлардың қаржы құюы төмендеген. Өйткені кейбір өңірлер бюджеттен бөлінетін субсиядиға сеніп басқа қаржы көзін іздеуге құлықсыз. Ал 9 айдың есебі бойынша, Қазақстанға 7 триллионнан астам инвестиция тартылыпты. Үкімет басшысы бұл көрсеткішті енді еселеп өсіруге тапсырма берді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

-Әрбір облыста өтіп жатыр қазір инвест форумдар. Жақсы, мүмкіндігін көрсету керек әр облыстың. Көптеген меморандумға қол қойылады. Бірақ, немен бітті сол? Жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жоқ.  Жұмыстың бәрі бюджеттен ақша алу.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде