{metadescription}
Атамқұлов: Құлаған зымыраннан табиғатқа зиян келген жоқ
Атамқұлов: Құлаған зымыраннан табиғатқа зиян келген жоқ

Атамқұлов: Құлаған зымыраннан табиғатқа зиян келген жоқ

Қазақ жеріне құлаған ресейлік «Союз» зымыранына қатысты тексеру жұмыстары аяқталды. Соған сай, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жерге төгілген 22 тонна керосин, қоршаған ортаға зиян келтірмейді деген қорытынды шығарған.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

-Топырақ сынамаларын тексердік. «Зиян келді» деп айтатындай дәнеңе жоқ. Өйткені керосин ол экологиялық таза жанармай. Ұшақтар да дәл осылай күніне жүздеген тонна керосинді жағады емес пе?

Яғни Бейбіт Атамқұлов Жезқазғанның төңірегінен алынған топырақ сынамасы мен ауадан радиация белгісі анықталған жоқ дейді. Қазір «Роскосмос» та өздерінің тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бірақ оларды келтірілген зияннан гөрі, апаттың себебі көбірек толғандыратын сияқты. Ал осы «Союз» кемесі жарылған соң, өзге үш зымыранның көкке көтерілуі кейінге қалдырылды. Байқоңырдан 11-қазан күні ұшырылған ғарыш зымыранының қозғалтқышы істен шығып, апатқа ұшыраған болатын. Ал, ішінде болған Алексей Овчинин мен НАСА астронавты Ник Хейг дін аман. Олар капсуламен Жезқазғаннан 25 шақырым жерге түсті.

Кеше

07 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.