{metadescription}
Түрмедегідей тәртіп орнатып балаларды ұрып соққан алматылық  тәрбиешілер жұмыстан қуылды
Түрмедегідей тәртіп орнатып балаларды ұрып соққан алматылық  тәрбиешілер жұмыстан қуылды

Түрмедегідей тәртіп орнатып балаларды ұрып соққан алматылық тәрбиешілер жұмыстан қуылды

Алматыдағы №140 балабақшада қос бірдей тәрбиеші жұмыстан шығарылды. Ата-аналардың айтуынша, балаларды аялы алақанымен емес, білектің күшімен тәрбиелеген олар небір сорақылыққа жол берген. Бірақ, мұның барлығын ата-аналар бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы әрең дәлелдепті. Ал, полицейлер арызымызды кері қайтарып, істі жылы жауып қойды дейді ашынған топ.

Алматыдағы №140 балабақшадағы бұл көріністер бейнебақылау камерасына жазылған. Буыны қатпаған бүлдіршіндерді білектің күшімен тезге салған тәрбиешінің әрекеті тайға таңба басқандай байқалады.  Біреудің әлпештеген ұл-қызын әрі-бері өткенде сызғышпен бетінен ұрып, дәптерлерді төбеден түскендей оңды-солды таратып жүр. Тіпті, ашуға мінгенде аяқ киім лақтырып, қалауынша нұқып қояды. Бірақ, болған жайтты балаларының ауызынан естігенде ата-аналар алғашында сенбегенін айтады.

Анар Нұрсұлтанова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Балалар қорқып қалған. Себебі, күнделікті психологиялық қысым көрсеткен. Қорқытып-үркіткен, қолына түскен затпен ұрған. Тіпті, балабақшада түрмедегідей тәртіп орнатып, балалардың арасынан бақылаушы сайлаған. Яғни, оларға қатарластарын жазалап, тәрбиешіге көмектесуге үйреткен. 

Алайда, басында түлкі бұлаңға салған меңгеруші соңында жазба өшірілген дискіні қолымызға әрең ұстатты дейді ашулы топ. Бірақ, арнайы маманның арқасында бейнені қалпына келтірген ата-аналар, балабақшадағы сұмдық оқиғаға куә болдық дейді.

Мәдина Өксікбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Бірнеше күнге дейін өз-өзімізге келе алмадық. Меңгеруші болса барлық жерде танысым бар, сендер ештеңе істей алмайсыңдар деп доқ көрсетті. Аудандық ішкі істер бөліміне барғанымызда бейне жазба өшірілген деді. Бағымызға орай барлығын дәлелдедік.

Дегенмен, қараулық жасамадым деп ақталған меңгеруші балабақшадағы шуға қатысты қатаң шара қолданып, екі бірдей тәрбиеші жұмыстан қуылғанын айтады.  

Алина Нұрмаханбетова, №140 балабақшаның меңгерушісі:

-Әбдірешова Кәмила Жүсіпқызы және Аязбекова Перизат екі тәрбиешіге қатаң сөгіс берілді. Біреуі өз еркімен зейнеткерлік жасына байланысты жұмыстан шығып кетті. Екінші қызымыз қатаң сөгіспен жұмыстан шығарылды. Өйткені, тәрбиешілік қызметін дұрыс атқармағаныүшін осындай шаралар болды.

Бір қызығы, баламызды ұрып-соқты деп шағымданған ата-аналарға тәрбиешілердің өкпесі қара қазандай.

Мөлдір Мұқашева, Балабақша тәрбиешісі:

-Шу шыққан топта істегеніме 3 күн болды. Біріқ, бірінші күннен бері мүмкіндік бермейді ата-аналар. Таң бозынан келіп балаларды ұрасыз ба, кешке келіп балаларды ұрасыз ба деп жан-жағыма балаларды қойып сұрайды.

Ғалия Бекзұрханова, Балабақша тәрбиешісі:

- Осы  жағдайдан кейін біздің балабақшаның тәрбиешілері жұмыс істемеймін деп өтініш жазып жатыр. Қазіргі жағдайда 5 тәрбиеші жетіспейді.

Ал, балабақша меңгерушісі айлығы шайлығына жетпейтін жұмысқа білікті тәрбиешілер тарту қиын дейді. Бірақ, болған істің әлі де ақ-қарасын анықтап, ақырына дейін күресуге бел шешкен ата-аналар қалалық білім басқармасы мен прократураға шағым түсіріпті. Себебі, алғаш араша сұрап барған ішкі істер органдары арыздарын кері қайтарған көрінеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде