{metadescription}
Астанада тағы бір топ-менеджер ауыр жазадан оңай сытылып кетті
Астанада тағы бір топ-менеджер ауыр жазадан оңай сытылып кетті

Астанада тағы бір топ-менеджер ауыр жазадан оңай сытылып кетті

"Кедентранссервистің" бұрынғы вице-президенті Ғалым Мұқанов 9 миллион 620 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Ол бас пайдасы үшін 24 миллион теңгенің жалған құжатына қол қойып жіберген.  Топ-менеджерден бөлек, тағы екі адамға миллиондап айыппұл салынды.

Жалған құжат жасауға мемлекеттік компанияның сатып алу басқармасының бастығы Дулат Уваев пен тағы бір компания өкілі Максим Болдырев қатысқан. Бірақ жұмыс істелмей, ақшаны өзара бөлісіп алған. Оның көп бөлігі, яғни 17 миллион теңгесі Мұқановтың қалтасына түсіпті. Сот Уваевқа 4 миллион 810 мың, ал Болдыревқа 1 миллион  202 мың 500 теңге айыппұл арқалатты. Жалпы, "Қазақстан темір жолына" қарасты  «Кедентранссервис» халықаралық жүк тасымалын кедендік рәсімдеумен айналысатынын айта кетейік.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде