{metadescription}
Түркістан облысында әкім орынбасарын атқан күдіктілер қолға түсті
Түркістан облысында әкім орынбасарын атқан күдіктілер қолға түсті

Түркістан облысында әкім орынбасарын атқан күдіктілер қолға түсті

Түркістан облысында аудан басшысының орынбасарын атып кетті. 8 жылдан бері Төлеби ауданы әкімінің орынбасары боп қызмет ететін Рәбиға Бейсебаеваны қарулы топ тура есігінің алдында басынан атқан. Шенеунік қазір ауруханада жатыр.

Оқиға Төлеби ауданына қарасты Момынай ауылында болған. Рәбиға Бейсебаева жұмысынан 10 шақырым жердегі осы ауылда тұрады екен. Күндізгі бірлер шамасында түскі асын ішу үшін жеке жүргізушісімен үйіне келеді. Осы кезде есік алдында тұрған 3 жігітті көреді. Олармен амандасып есікті аша бергенде артынан бірнеше рет оқ атылған. Көршілері әкім орынбасарының үйінің маңында бәзбіреулер бірнеше күннен бері жүргенін айтады.

Қарашаш Оспанова, көршісі:

-Қара мерседеспен келді шамасы. Көршілер 4-5 күн бұрын осы жерді 2 жігіттің торуылдап жүргенін айтты. 

Жарақат алған шенеунікке жедел-жәрдемді де көршілері шақырыпты. Ал екі баласы бар Рәбиға Бейсебаеваның күйеуі үлкен ұлымен бірге Астанаға кеткен екен, сондықтан үйінде ешкім болмаған. Жақындары жарақаттанып қалғанын естіген олар түнделетіп ұшып келіпті.

Еркін Бейсебаев, Р.Бейсебаеваның күйеуі:

- Біз біреумен ұрысысып  таласқан отбасы  емеспіз. Атқан 22-23 жастағы жас жігіттер дейді.  Біреуінің қолында тапаншасы бар деп айтады.

53 жастағы әйелге дұшпандық жасау кімнің ойына келгенін туыстары да, әріптестері де білмейді. Соңғы бір жылда Төлеби ауданындағы мәдениет, білім мен ішкі саясат саласына жауапты болған Бейсебаеваның өзі тілшілермен тілдескісі келмеді.Дәрігерлердің айтуынша, денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Жандар Нышанов, Леңгір қалалық ауруханасының бас дәрігері:

-Бас сүйегінің жанама жарақаты. Теріні жанап өткен. Сүйек бәрі аман.

Сөйтіп, нақты қандай қарудан атқаны әзірге беймәлім. Белгілісі екі күдікті Тараз қаласынан ұсталыпты. Оларға «өлтіруге оқталу» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ал бірер күннен кейін ауруханадан шығарылатын шенеуніктің қызметіне қашан оралары белгісіз. Анығы сол, Рәбиға Бейсебаеваның жағдайынан соң қорқып қалған әріптестері енді әкімдік қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейтуді ойластырмақшы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде