{metadescription}
Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы не үшін өтемақы талап еткендерін түсіндірді
Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы не үшін өтемақы талап еткендерін түсіндірді

Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы не үшін өтемақы талап еткендерін түсіндірді

Ескендір Сүлейменовтің туыстары айыпталушыдан ақша талап етуге мәжбүр болыпты. Марқұмның анасының айтуынша, судья Сүлейменовтерге сотталушыдан материалдық шығынын сұрауды  міндеттеген.

Сондықтан Ескендірдің  жақындары Мәлика Мұхитовадан 14 миллион 800 мыңдай теңге төлеуді талап етті. Бұл – марқұмның мотоцикілінің құны мен жерлеуге, асқа жайылған дастарқан мен адвокат жалдауға кеткен шығын. Астанада ақын Олжас Сүлейменовтің 26 жастағы жиен немересінің өліміне қатысты сот жүріп жатыр. Естеріңізге салсақ, биыл жазда Елорданың қақ ортасында мотоцикл мінген Ескендір Сүлейменовті Hyundai  маркалы автомобиль соғып, мерт қылған еді. Ал жеңіл көлікті Қызылорда облысы Ішкі істер департаменті бастығының  29 жастағы қызы тізгіндеген. Мәлика Мұхитова кінәсін мойындап, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде