{metadescription}
Бүтін бір ауыл халқы ағайынды Баймахановтардан қорлық көріп отырғандарын айтты
Бүтін бір ауыл халқы ағайынды Баймахановтардан қорлық көріп отырғандарын айтты

Бүтін бір ауыл халқы ағайынды Баймахановтардан қорлық көріп отырғандарын айтты

Алматы облысында ұрылардан зәрезап болған тағы бір ауыл жұрты шағымын айтты. Мыңбаевтың тұрғындары ағалы-інілі Баймахановтардан көпшілік қорлық көрдік, ұрлыққа түседі, қорғайтын ешкім жоқ деп шағымдандыды. Олардың айтуынша, екеуі де жүйке жүйелері ауруханасында тіркелген. Оларға іздеу жарияланғанымен, әлі ұстатпай жатыр. Күндіз ауылда көзге түспегенімен, бәленің бәрін түнде бастайтын көрінеді.

Бес мыңдай тұрғыны бар Мыңбаев ауылындағылардың ағайынды Баймахановтар дегенде бойларын үрей билейді. Көрген қорлығы көп. Келген шығын да шаш-етектен.

Тұрғанбала Батыршанова, Мыңбаев ауылының тұрғыны:

-Мен сөйлеуге де  қорқамын. Менің балам, келінім қалада тұрады. Үндеме, тыныш жүр өлтіріп кетеді дейді.

Жергілікті тұрғындар олардың жүйке жүйесі ауруханасында тіркеуде тұрғанын айтады. Яғни елдің есін шығарғандардың есі кем көрінеді. Дей тұрғанмен, үй тонап, барымталағандарын базарға өткізіп, ақша табулары сау адамның тірлігіне саяды.

-Ағайынды Баймахановтардың жиі келетін тұрағы осы тастанды үйдің орны болған. Қазан-ошақта тамақ істеген. Ал мында арнайы жуынатын орында дайындаған. Шашылған бөтелкелерге қарағанда екеуі ащы судан жиі сіміріп көңіл көтерген.

Ауылдағы ағайын ашуға булығып, атқамінерлермен бірігіп аудандық ішкі істер басқармасына арызданған. Баймахановтарды бақылауға алып, іздейміз деген жауап келгеннен кейін екеуі із-түссіз жоғалған. Әлі күнге ұстатпағанмен, ара-кідік келіп жымысқы әрекеттерін жүзеге асыратын көрінеді. Әкімдіктің өзі әңгіртаяқ ойнатқандардың әрекетін қалай тоқтатамыз деп бастары қатқан.

Данияр Баяманов, Мыңбаев ауылының әкімі:

-Жиналысқа да шешесі қатысты. Шешесі арыз-шағымын жазып берді. Ұстап, емдетіңіздерші деген ұсынысын жасады.

Баймахановтардың баспанасы осы. Аналарымен бірге тұрады. Бірақ қазір есік тарс жабық. Ешкім жоқ.

Ауыл адамдары олардың аттарын, бірі 32, екіншісі 26-да екенін ғана біледі. Басқа ақпараттары жоқ. Бес мың халқы бар Мыңбаев ауылында әлі күнге дейін учаскелік инспектор бекітілмеген. Сондықтан болар, әркімнің сойқан салып жүргені. Ал әлгі ағайындылар ұсталмайынша, тұрғындардың ұйқысы шала болатын түрі бар...

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде