{metadescription}
Жұмысшылар уланған Теңіз кен орнындағы асхана заңсыз жұмыс жасаған
Жұмысшылар уланған Теңіз кен орнындағы асхана заңсыз жұмыс жасаған

Жұмысшылар уланған Теңіз кен орнындағы асхана заңсыз жұмыс жасаған

Бұл туралы осы оқиғадан кейін іле-шала жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесінде белгілі болды.

Осы уақытқа дейін жұмысшыларды тамақтандырып келген асхана иелеріне қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал, «сальмонеллез» диагнозы қойылған жұмысшылардың барлығы қазір ауруханадан шығып, жұмыстарына кірісті. Еске сала кетейік, астан жаппай улану оқиғасы 17-ші қазан күні болған-ды. «Болашақ» вахталық елдімекеніндегі «Монтажспецстрой» мекемесінің 28 қызметкері, түскі асқа жұмыртқадан жасалған тағам жеген соң өздерін жайсыз сезіне бастаған. Кейін олардың барлығы аудандық орталық ауруханаға жеткізілген еді.

Ерболат Уайсов, Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

- Қылмыстық іс- әрекет бар- жоғын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Енді ол асхана тек қана бізден санитарлық- эпидемологиялық қорытынды алғаннан кейін қана ашыла алады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.