{metadescription}
Орал тұрғындары үйлерін 3 жылға тастап кетуге мәжбүр
Орал тұрғындары үйлерін 3 жылға тастап кетуге мәжбүр

Орал тұрғындары үйлерін 3 жылға тастап кетуге мәжбүр

Оралда әкімдік қызметкерлері тұрғындарды үйлерінен мәжбүрлі түрде қуып жатыр. Өйткені қыс тақағанда қауырт іске кіріскен олар қаладағы автомобиль көпірін жөндемек. Бірақ бұған сол маңдағы үйлердің тұрғындары қарсы. Себебі, шенеуніктер үш жыл бойы жүргізілетін жөндеу жұмыстары кезінде баспаналардың бүлінбей, сол күйі сақталарына кепілдік бере алмай отыр

«Нефтебаза» ауданындағы тұрғындардың екі айдан бері әрі-сәрі күйде жүрген жайы бар. Тыныш отырған оларды әкімдік бақандай үш жылға қала сыртына уақытша баспанаға көшірмек.

Асылхан Қазимуллин, Орал қаласының тұрғыны:

-  Әкімдіктен үйлеріңде  неше адам тұрады, үй бұзылса қанша  ақша керек деп сұрап кетті.

Әкімдіктегілердің Асылхан Қазимуллин мен оның көршілеріне бұлай айтуына – көпірге жасалатын жөндеу жұмыстары себеп екен. Өйткені көпір қазір қауіпті жағдайда. Ал тұрғындардың айтуынша, олардың үйлері құрылыс алаңына кіріп кеткелі тұрған көрінеді. Әуелгіде әңгіме үйлерді сүріп тастау немесе өтемақы төлеу жөнінде болғанымен, әкімдік бұл ойынан айнып, уақытша баспана ұсыныпты. Бірақ тұрғындар үш жылдан соң бұл жерден үйімізді таба алмай қаламыз ба деп алаңдаулы.

Тимур Төлеуғалиев, Орал қаласының тұрғыны:

- Маған уақытша үй емес, мәңгі бақи тұратын баспана керек. Көпір жөнделіп біткен соң кемшілігі міндетті түрде шығады. сосын қиындықты біз көреміз.   

Құрылыс жұмыстары алдағы аптада басталып кетпек. Сондықтан болу керек, әкімдік те жедел іс-қимылға кіріскенге ұқсайды. Тұрғындардың кейбірін уақытша баспанаға көшуге көндіріпті де.

Мұрат Мұқаев, Орал қаласының әкімі:

- Үш үйдің иесінің біреуі келісті. Осы жексенбі күні заттарын жинап, көшетін болады. Екіншіден қалған адамдармен келіссөз жүріп жатыр. Олар ол жерден көшу керек. Біз өз тарапымыздан үйлердің  қауіпсіздігіне жауап беретін боламыз.

50 жылдан бері жібі түзу жөндеу көрмеген көпірдегі құрылыс жұмыстары үш жыл бойы жүргізілмек. Ол үшін қазынадан 5 миллиард теңге бөлініпті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.