{metadescription}
"Астана банкіне" қатысты тағы шу шықты
"Астана банкіне" қатысты тағы шу шықты

"Астана банкіне" қатысты тағы шу шықты

Бұл жолы ипотекалық несие алған бір топ борышкер Ұлттық банктен қарызын доллардың бұрынғы бағамымен қайта есептеуді талап етті.

Астаналық Анна Еланская 2015 жылы «Астана» банкінен доллармен жалпы көлемі 4 миллион теңге болатын ипотекалық несие алған. Бірақ девальвациядан кейін оның берешегі 12 миллионға дейін өсіп кетіпті. Яғни ай сайынғы төлейтін несие көлемі де біраз көбейген. Анна сияқты жүз адам осындай күйге түсіп отыр. Соның кесірінен олар қарыздарын уақытылы төлей алмайды. Ал «Астана» банкі әй-шайға қарамастан олардың кепілдікке қойған пәтерлерін сот арқылы тартып алып жатыр екен. Енді  жабылған қаржы ұйымын басқаруды қолына алған Ұлттық банк көмекке келмесе, жүзге тарта отбасы далада қалғалы тұр.

Анна Еланская, борышкер:  

-Менің талабым, несиемді қайтадан 188 теңгемен есептеп берсін. Қарызымды төлеуден бас тартпаймын. Бірақ қазіргі ай сайын төлейтін ақшам табысымнан асып түседі. Қайта қаржыландырудың өзі желтоқсанның 15-іне дейін ғана жүреді. Ұлттық банк жылдамдатпаса, оған іліге алмай қалайын деп тұрмыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде