{metadescription}
Лондонда Елбасының жаңа кітабы таныстырылды
Лондонда Елбасының жаңа кітабы таныстырылды

Лондонда Елбасының жаңа кітабы таныстырылды

Лондонда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" атты жаңа кітабы таныстырылды. Тағлымы мол туындының тұсаукесер рәсімін Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған.

Сондай-ақ, игі шараға Қазақстанның Ұлыбритания Біріккен Корольдігі және Солтүстік Ирландиядағы елшілігі мұрындық болды. Тұсаукесер рәсіміне жиналған жұрт ағылшын тіліне аударылған кітаптың маңыздылығына тоқталды. Тарихи туындыда тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстанның жүріп өткен жолы тізбектелген. Мемлекеттің атаулы әрі айтулы оқиғалары топтастырылды. Сондай-ақ, қол жеткізген басты 33 жетістігі мен оған жету жолдары егжей-тежгейлі жазылған. Еліміздің жаңа тарихынан сыр шертетін «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы публицистика жанрында жазылған. Тұңғыш Президент Қоры оның тұсаукесер рәсімін Берлин, Париж қалалары мен Бразилиа елінде де өткізуді жоспарлап отыр.

Игорь Рогов, Тұңғыш Президент қоры атқарушы директорының орынбасары:

-Бұл кітапқа тек Ұлыбритания ғана емес, Еуропаның өзге елдері де қызығушылық танытып жатыр. Туындыда елімізде болған күрделі жағдайға, бетбұрыс сәттеріне терең талдау жасалған. Сонымен қатар, еліміздің алдында тұрған жаңа міндеттері айқындалған. Қор кітаптың әлем бойынша кең таралуына атсалысады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.