{metadescription}
Қарағанды облысында 12 адам дөнерден уланып ауруханаға түсті
Қарағанды облысында 12 адам дөнерден уланып ауруханаға түсті

Қарағанды облысында 12 адам дөнерден уланып ауруханаға түсті

Оның үшеуін дәрігерлер үйлеріне жіберсе, 9 адам төсек тартып жатыр. Арасында 9 жастағы бала мен аяғы ауыр келіншек те бар.

Ауруханаға түскендердің барлығы Абай қаласы орталығындағы мына дүңгіршектен дөнер алғандарын айтқан. Содан кейін ақ өздерін жайсыз сезініпті. Сөздерінше, жұрт жиналатын үйреншікті жердің тағамы тіл үйіріп келген. Тексеріс басталғасын қазір дүңгіршектің жұмысы тоқтап, есігі жабық тұр. Мамандар ондағы тағамдардан сынама алып, сараптамаға жолдаған. Қортындысы келесі апта шығады. Дөнерді дайындаған адам да медициналық тексерістен өтіп жатыр екен.

Айжан Иса Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

-Пациенттердің барлығы дөнер жегеннен соң ауырғандарын айтты. Барлығының беттері бері қарады.  Аяғы ауыр келіншектің де жағдайы жақсы. Денсаулығына қауіп жоқ. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.