{metadescription}
«Ұлы дала комедиясы» бар-жоғы бір аптада көптің жүрегін жаулап алды
«Ұлы дала комедиясы» бар-жоғы бір аптада көптің жүрегін жаулап алды

«Ұлы дала комедиясы» бар-жоғы бір аптада көптің жүрегін жаулап алды

Төреғали Төреәлінің кинодағы алғашқы табысты трамплині. Ұлы дала баласының «Ұлы дала комедиясы» бар-жоғы бір аптада көптің жүрегін жаулап алды. Осы уақытта оған кеткен шығынның жартысынан астамы қайтарылған. Тіптен, фильмді бірнеше қайтара тамашалап жатқандар да бар. Ал кинотеатр кассасындағы ұзын-сонар кезек отандық кино үшін таңсық.

Шынайы өмірден алынған сценарий, сәтті іріктелген актерлер мен оператордың жоғары деңгейдегі жұмысы. Осының бәрі үйлесім тапқан «Ұлы Дала Комедиясы» кімді де болмасын күлкіге қарқ қылуда. Фильмнің жарыққа шығуымен, кассаларда ұзын-сонар қалыптасты.

Мәдина Оспан, актриса:

-Қазіргі уақытта «Ұлы Дала Комедиясы» голливудтық кинолардың алдына шығып отыр екен. Рекорд жасап бірінші орында тұр екен. Күнделікті өсіп жатыр көрермендеріміз. Соңғы уақыттарды жібереді бізге фотоға түсіріп, «біз бүгін киноға кіре алмай қалдық, орын жоқ» деп.

Сценарий тілшімен сөзге келген Төреғалидың келер күні қарапайым жанның кебін киюімен өрбиді. Орнын басқа біреу басып, барынан айырылған әншінің шытырман оқиғасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жайшылықта улы пікірін үйіп-төгетіндердің өзі «Ұлы дала комедиясына» оң деген бағаларын берген.

Фариза Спандияр, Төреғали Төреәлінің директоры:

-Бір айдың ішінде түсірілген дүниеміз 1 аптаның ішінде өте жақсы көрсеткіш көрсетіп жатыр. Билеттер 3-4 күн алдын таусылып қалып жатыр. Өткенде бір күнде қателеспесем Шымкенттке 17 сеанс болды. Одан кейін кеше 21 сеанс болған.

Мұндай қарқынмен киноға кеткен шығын бір аптада өзін ақтары сөзсіз. Ұлы дала баласының басқа қырын көріп, өміріне үңілем дегендердің кинотеатр кассаларындағы кезегі әлі сиреген жоқ. Ал фильм еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде