{metadescription}
Павлодар облысында жылдап жалақы көрмеген жұмысшылар шу шығарды
Павлодар облысында жылдап жалақы көрмеген жұмысшылар шу шығарды

Павлодар облысында жылдап жалақы көрмеген жұмысшылар шу шығарды

Павлодар облысында жұмысшылар жарты жылдан бері жалақысын ала алмай жүр. Олар Екібастұз қаласындағы көлік компаниясында жылдар бойы жұмыс істеген. Бірақ биыл көктемде кәсіпорын оларға еңбекақы төлемей қойыпты. Күнде ертең деп құрғақ уәдемен шығарып салған басшылары, кейін оларға зейнетақы төлемдерін де аударуды доғарыпты. Көмір тасымалдаумен айналысатын компанияның бұрынғы жұмысшыларына берешегі 70 миллион теңгеге жуық.

Амангелді Жүнісов көмір тасымалдаумен айналысатын көлік компаниясында сегіз жыл бойы экскаваторшы болып жұмыс істепті. Бірақ, биыл көктемде қызметтен кетуге мәжбүр болған. Өйткені, кәсіпорын еңбекақы төлей алмапты. Кесірінен көп балалы әке қарызға белшемнен баттым дейді.

Амангелді Жүнісов, экскаваторшы:

-Фирма қарыз маған 1,5 миллион. Өзімде 4 балам бар. Кішкентай балам ең кіші сәби бір жарымда. Төртеуін киіндіру керек, тамақтандыру керек. Мектепке жіберу керек. Бүкіл жерде қарызбыз өзіміз. Не істейміз енді?

Компания кеңсесінің алдына жиналған мына азаматтардың да жағдайы дәл осындай. Айтуларынша, кәсіпорын оларға зейнетақы төлемдерін де аудармай қойған.

-8 жыл бұрын құрылған кәсіпорынның қаржылық қиындықтарға қалай тап болғанын ешкім білмейді. Компания басшылары болса, бұл мәселеге қатысты жұмған ауыздарын ашпады. Тіпті, кеңсе орналасқан нысан қақпасын жауып, күзетшілерге мұнда тілшілерді кіргізбеуді бұйырды.

Мәселені айтып компания басшыларына сан рет барған жұмысшылардың айтуынша, бұрынғы жетекшілері оларды күнде ертең деп құрғақ уәдемен шығарып салады екен. Олар кейін облыстық еңбек басқармасы мен прокуратураға арыз жазыпты. Бірақ әлі күнге дейін ешкім көк тиын алмаған.

Қабылмәжит Сейітов, металл жонушы:

-Отбасымыз бар, бізге де ақша керек. Тауып берсін.  

Еңбек басқармасындағылар болса, бұрынғы қызметкерлеріне миллиондаған берешегі бар компанияның қаржылық қиындыққа тап болғанын растап отыр. Дегенмен, өз міндетін дұрыс атқармаған кәсіпорын жазасыз қалмаған көрінеді.

Асқар Қапанов, Павлодар облысы еңбек басқармасының басшысы:

-Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, оларға жасалған тасымалдау қызметтері үшін екі бірдей көмір компаниясы ақша төлемеген. Сондықтан кәсіпорын осындай жағдайға тап болған. Компания әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлеу жазасына кесілді. Жетекшілері жыл соңына дейін бұрынғы жұмысшыларының алдындағы қарызын толық өтейміз деп сендірді.

Осылай деген шенеуніктер өз міндетін дұрыс орындамаған көлік компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғау үшін ішкі істер департаментіне хат жолдапты. Бірақ ол үшін аласысы бар әр жұмысшы полицияға арыз түсіруі керек.

Кеше

23 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.