{metadescription}
Комсомолдың 100 жылдығы Мәжіліс депутаттарын дауластырып қойды
Комсомолдың 100 жылдығы Мәжіліс депутаттарын дауластырып қойды

Комсомолдың 100 жылдығы Мәжіліс депутаттарын дауластырып қойды

Апта басындағы Үкімет сағатын алғысөзбен ашқан Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко ел ішінде қатты сыналып жатқан осы мерейтоймен тағы құттықтады. Божко бастап, басқалар қостап жатқан құттықтауларға жалғыз депутат қарсы шықты. Тәуелсіз елде тұрып жатырмыз ғой деп жан дауысы шыққан оны басқа әріптестері неге қолдамады?

Парламенттің төменгі палатасы бүгін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті тыңдауы керек болатын. Бірақ Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божконың бір сөзі мәжілісмендерді қырқыстырып қойды. Тіпті қымсынбастан комсомолдың 100 жылдығымен залдағылардың бәрін құттықтап жіберді.

Владимир Божко, Мәжіліс төрағасының орынбасары:

-Тәуелсіз еліміздің 27 жылда жеткен жетістігі аз емес. Осы орайда орасан үлес қосқан бұрынғы комсомолдардың еңбегін атап өту керек. Сондықтан жастық шағымызда жасаған жарқын істерімізді тағы бір еске салғым келеді.

Келмеске кеткен ұйымның 100 жылдығын еске салуы сол екен, осы сөзді сарыла күтіп отырғандай, депутат Ахмед Мұрадов құттықтаушылар қатарынан табылса, Сергей Звольскийдің жүрегі елжіреп кетті. 

-Если позволите, я хотел бы сегодня всех нас поздравить с праздником, 100-летием комсомола. Это же здорово, мы все были.

– Я же намекнул.

Әріптестерінің  бұл әрекетіне қарсы шыққан жалғыз Азат Перуашев болды. Мерекенің күнтізбеде жоқ екенін, қазір тәуелсіз елде тұрып жатқанымызды айту үшін сөз кезегін табандап тұрып сұрап алды.

-Нет такого праздника. Коллеги, я хотел бы напомнить, в каком государстве мы живём. Мы живём в независимом Казахстане. В нашей модели таких праздников. 

Айтуынша, Перуашевтің өзі де комсомол болған. Бірақ әріптестерінің бүгінгі қылығын орынсыз дейді.

Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:

- Мәжіліс деген Парламенттің бір палатасы. Мәжілістің ресми отырысында біз бір-бірімізді жоқ болған мерекемен құттықтау деген меніңше орынсыз. Біз Тәуелсіздік алғаннан бері коммунистік идеядан бас тартуымыз керек, бас тарттық. Және де өзіміздің тәуелсіз саясатымызды жүргізуіміз керек деп санаймын.

Халықтың қытығына тиюді алматылық коммунистер емес, атыраулық мектептер бастаған болып шықты. Қаладағы үздік деп танылған бес мектепте большевиктердің мұрагерлерінің күні туралы ашық сабақ өткен. Оны қалалық білім бөлімі жыл басында арнайы бұйрықпен бекітіп қойыпты.

Айгүл Шибалаева, Атырау қалалық №16 орта мектеп директоры:

-Қалалық білім бөлімімен келісілетін нәрсе. Солардан бұйрық келеді, қатыстыру сұралады деген. Айтқандарын орындадық.

Оның бер жағында Алматыда Лениннің ізбасарлары мерекелік шарасын дүркіретіпп өткізді. Ел таныған білдей азаматтар коммунистердің төсбелгісін масаттана тағып, жұрттың сынына қалды.

-Алматыдағыдай мерекелік шара бүгін комсомолдар күнінде Атырауда да облыстық мәдениет үйінде өтуі жоспарланған екен. Елдің сынынан қаймыққандар райынан қайтып, бас тартыпты. Ал қызыл өкіметтің мерекесіне қатысты депутаттардың бір қайнауы ішінде кеткендей әсер қалдырды. Тек бүгінгі айтыста  Азат Перуашевтан басқа ешкім ләм-мим деп комсомолшылардың бетін қайтарған жоқ. 

Кеше

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде