{metadescription}
Павлодарда ер адамды аяусыз ұрып-соққан полицейлер сотталды
Павлодарда ер адамды аяусыз ұрып-соққан полицейлер сотталды

Павлодарда ер адамды аяусыз ұрып-соққан полицейлер сотталды

Қылмыстық кодекстің қос бірдей бабы бойынша айыпталған капитан мен аға лейтенант алдағы 5 және 6 жылын абақтыда өткізуі тиіс.

Тергеу материалдарына қарағанда, оқиға шаһардағы аулалардың бірінде болған. Бұрынғы әйеліне алимент төлеуге келген ер адам кейін онымен сөзге келіп, кетіп қалады. Бірақ оны сыртта адуынды полицейлер күтіп тұрыпты. Сөйтсе, оларды әйелі шақыртқан екен. Ер адамды соққының астына алған тәртіп сақшылары енді мұнда аяқ баспайтынын мәжбүрлеп айтқызып, ұялы телефонға жазып алыпты. Миы шайқалып, қабырғалары сынған азаматтың өзі кейін қос полицейдің үстінен арыз түсірген. Ал қылмыстық кодекстің қос бабы бойынша айыпталған 40 және 44 жастағы тәртіп сақшылары түрме жазасына қоса, жәбірленушіге 1 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндетті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде