{metadescription}
Павлодарда оқушыны қағып із жасырған жүргізуші үйінен табылды
Павлодарда оқушыны қағып із жасырған жүргізуші үйінен табылды

Павлодарда оқушыны қағып із жасырған жүргізуші үйінен табылды

Павлодарда оқушыны қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан қашқын жүргізуші құрықталды. 27 жастағы азамат қазір уақытша қамау изоляторында отыр.

Онда екі тәулікке тоғытылған қашқынды табу полицейлерге оңайға соқпаған сыңайлы. Оқиға орнында бейнебақылау камералары орнатылмағандықтан тәртіп сақшыларына барлық куәгерлерден жауап алып, аудандағы камераларды түгел тінтуге тура келіпті. Ақыры BMW маркалы авкөлігін тізгіндеген жүргізуші үйінен табылған. Кінәсін толық мойындаған жігіт қазір уақытша қамау изоляторында. Тұтқынға алуға алдағы екі күнде сот санкция беруі тиіс. Естеріңізге салсақ, 26-шы қазанда жолды жүргіншілер жолағымен кесіп өтпек болған баланы жеңіл көлік қағып кеткен еді. Миы шайқалып, сан сүйегі сынған 12 жастағы ер бала ауруханада ем-дом қабылдап жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде