{metadescription}
«Алтын Қалам» әдеби бәйгесінің жеңімпаздары анықталды
«Алтын Қалам» әдеби бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

«Алтын Қалам» әдеби бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Жылдың үздік қаламгерлерін саралаған  шығармашылық додаға биыл қазақ және орыс тіліндегі 900-ге жуық  туынды келіп түскен. Ауқымы кеңейген байқауға АҚШ, Қытай, Украина, Ресей және Беларусьтағы авторлар да қатысқан.

Расул Жұмалы, «Алтын қалам» әдеби байқауының ұйымдастырушысы:

-Бұл жобаның құрылғанына 7-8 жыл болып қалды.  Әу баста біз  5- 6 номинациядан бастадан едік. Қазір ол номинациялардың саны 10-ға жетті.

Ұйымдастырушылар биылғы байқауға «Қазақ әдебиетіне қосқан елеулі еңбегі үшін» деген аталымды да енгізген. Ол жүлде белгілі жазушы-драмург Дулат Исабековке табысталды. Ал «Жылдың ең үздік прозасы» номинациясы бойынша Есболат Айдабосын өз шығармасымен озық шықты. Балалар және жасөспірімдер жанры бойынша Бекен Ыбырайым бас жүлде иеленсе, Қанағат Әбілқайырдың «Тіл» атты туындысы үздік сатира шығармасы атанды. Бұдан өзге 9 аталым бойынша үздік деп танылғандарға да лайықты марапат көрсетілді. Ал дәстүрлі байқаудың негізгі мақсаты - оқырмандарды бүгінгі қаламгерлермен таныстырып, олардың көркем әдебиетке деген ынтасын ояту.

Қанағат Әбілқайыр, байқау жеңімпазы:

-Талай жылдан бері сатира жазып келе жатырмын. Қазір енді сатира саласында өзінің орным бар.  Осы "Алтын Қаламға" және "Алтын Қаламдағы" жігіттерге деген сеніммен бәйгеге қатысқанмын, үмітім ақталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде