{metadescription}
Алматы облысында уланып өлген қыздың ажалы битке қарсы жағатын дәріден болуы мүмкін
Алматы облысында уланып өлген қыздың ажалы битке қарсы жағатын дәріден болуы мүмкін

Алматы облысында уланып өлген қыздың ажалы битке қарсы жағатын дәріден болуы мүмкін

Алматы облысында 3 жастағы қыз уланып өлді. Тағы біреуі ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оны әрең дегенде ажалдан арашалап қалған. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, 3  және 5 жастағы бүлдіршіндердің басына биттен құтылу үшін жануарларға арналған дәрі жағылыпты. Алайда шетінеген баланың анасы мұндай іске бармадым деп, азар да безер болып отыр.

Қайғылы оқиға Алматы облысының Туғанбай ауылында болған. Топырағы кеуіп үлгермеген 3 жастағы Бериванның уланғаннан шетінегені анықталыпты. Ал анасы Жамила Караева соңғы рет кішкентайының сол күні ағасының қызымен сыртқа ойнауға шыққаны есінде екенін айтады.

Жамила Караева, Туғанбай ауылының тұрғыны:

- Қып-қызыл болып жатыр. Көзі кішкене жабылған. Сол диванға отырғыздым, аяғынан тұра алмады. Оны көтеріп ауруханаға жеткеніміз сол еді. 10 минуттың ішінде балам қайтыс болды.

Ал Жамиланың ағасының жағдайы нашарлаған 5 жастағы қызын Өтеген батыр ауылындағы Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасына жедел жеткізіпті. Қас пен көздің арасында қимылдаған ақ халаттылар өлім аузындағы бүлдіршінді ажалдан арашалап қалады. Қазір денсаулығы жақсарған оны үйіне қайтарған. Бірақ дəрігерлер шетінеген сəбидің анасы екі қызды биттен тазарту үшін бастарына жануарларға арналған дəрі жаққанын айтады.

Асқар Қалиев, Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасы директорының орынбасары:

- Анасы баланың басындағы битті жою үшін бастың шаш бөлігін неоцидол дәрісімен өңдеген. Бұл енді ветеринарлық практикада қолданылатын дәрі. Бұл адамдарға қолданылмайды, медицинада ондай препарат жоқ. Енді сол препараттан бала осындай жағдайға түсіп отыр. Қатты улану болған.

Алайда, балалар ойнап жүріп бəлеге ұрынды деген ана,  ондай іске бармадым деп отыр.

Жəмила Караева, Туғанбай ауылының тұрғыны:

-Жоқ, бәрі өтірік. Кім өзінің баласын өлтіреді, кім? Екеуі ойнағанда сиырдың қиымен ойнап  бір-біріне шашқан ғой.

Дегенмен, аядай ғана Туғанбай ауылын дүрліктірген оқиғаны полицейлер бақылауға алып, жіті тексеруге кірісіпті. 

Әйгерім Көппаева, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

-Баланың шетінеп кету фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР қылмыстық кодексінің 104-бабына сәйкес жүргізілуде. Тергеу Талғар аудандық полициясының өндірісінде.

Қазіргі уақытта бала өліміне қатысты сот-медициналық сарапатама тағайындалған. Ал шетінеген сәбидің анасы мен дәрігерлер алға тартқан екі түрлі мәліметтің шындығы тергеу жұмыстары аяқталған соң ашылады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде