{metadescription}
Таразда қоқыстардың арасынан жаңа туған сәбидің өлі денесі табылды
Таразда қоқыстардың арасынан жаңа туған сәбидің өлі денесі табылды

Таразда қоқыстардың арасынан жаңа туған сәбидің өлі денесі табылды

Тілсіз жаумен арпалысқан төтеншеліктер көрмегенде шақалақтың мәйіті күлге айналып, бұл жағдай туралы ешкім білмеуі мүмкін еді. Ал от абайсызда қойылды ма, әлде анасы перзентін әдейі өртеп көзін құрпақ болды ма? Оны қазір тергеушілер анықтап жатыр.

Оқиға түнгі 11-лер шамасында самал ықшамауданындағы қоқыс төгілетін орындардың бірінде болған. Көршілер жәшіктердің айналасы өртенгенін көріп, хабар беріпті. Дереу жеткен төтеншеліктер, жалынмен алысып жүріп, арасынан аяғы жанып жатқан шақалақтың өлі денесін алып шыққан. Сәби отқа күйіп өлді ме немесе осында өлі күйінде жеткізілді ме, ол жағы да сараптамадан кейін белгілі болмақ. Куәгерлердің сөзінше, түнгі ондар шамасында қоқыс жәшіктерін айналшықтап екі қыз жүрген. Болжам бойынша, соның бірі сәбидің анасы болуы ықтимал. Қазір құрсағын жарып шыққан перзентінен жерінген қатігез анаға іздеу жарияланды.  

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

-Қазіргі уақытта жедел іздестірілу шаралары жүргізілуде. Қылмыстық оқиғаның мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.