{metadescription}
Сүлейменов бағаны қолдан өсіретіндерді сабасына түсірмек
Сүлейменов бағаны қолдан өсіретіндерді сабасына түсірмек

Сүлейменов бағаны қолдан өсіретіндерді сабасына түсірмек

Жалақымен жарысып бағаны өсіруге жол берілмейді.  Бүгін Ұлттық экономика министрі осылай деп мәлімдеді.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Бізде еңбекақы бірнеше жылға кешігіп барып өседі. Бизнесмендер осы сәтті пайдаланып, дереу тариф, тауар бағасы мен қызмет құнын қымбаттатпауы тиіс.  Олар  әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі керек.

Сүлейменовтің  бизнесмендерге алдын ала ескерту жасауына себеп бар. Президент келесі жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар мен дәрігерлердің еңбекақсын бір жарым есеге өсіруді тапсырған болатын. Ол үшін бюджеттен  96 миллиард теңге бөлінгелі жатыр. Әдетте, жалақы өскен бойда елде азық-түлік пен түрлі тауар құнының  шарықтап шыға келетіні бар. Бірақ Ұлттық экономика министрі  бағамен ойнағандарды қатаң жазалаймыз деп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде