{metadescription}
Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы жұмысынан шеттетілді
Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы жұмысынан шеттетілді

Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы жұмысынан шеттетілді

Мәдениет министрлігінің лауазымды шенеуніктері мердігер компанияға пана болу үшін одан пара алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жауапты хатшы мен департамент директорының қолына не үшін кісен салынғанын  жария етті. 

Жанна Бастарова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы мен Әкімшілік департаментінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Олар мердігерлік ұйымның басшысынан мемлекеттік сатып алу шартын жасасқан және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деп күдіктелуде.

Яғни, қос лауазымды шенеунік  ауызбастырық алып, мердігер компанияның мемлекеттік тендерде жеңіп шығуына қолдау көрсетпек болған.  Алайда атқамінерлердің    бұл ойы  жүзеге аспай, жарты жолда қалып қойды.  Қазір  Әкімшілік департаментінің  директоры Еренай Дәржібаев үйқамақта отыр. Ол Астанадағы қымбат мейрамханада ұсталған еді.  Ал Қуатжан Уәлиев 6 миллион кепілақы беріп, бостандықта жүр.  Жауапты хатшы қазір министрліктегі қызметтінен  шеттетіліпті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде