{metadescription}
Батыр Жүкембаев алдағы жоспарларымен бөлісті
Батыр Жүкембаев алдағы жоспарларымен бөлісті

Батыр Жүкембаев алдағы жоспарларымен бөлісті

«Головкиннің болашақ ізбасары» атанған Батыр Жүкембаев Америка төрінде биік шыңдарды бағындырмақ. Кәсіпқой шаршы алаңда жеңілістің ащы дәмін татпаған қазақ боксшысы бүгін ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жақында Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз азулы мексикалық боксшы Патрисио Мореноны техникалық нокаутпен тізе бүктірген еді. «Үш жеті» лақап атымен танымал Жүкембаев бұл тартысты айқас оңай болмағанын айтады. Қазақ боксшысының ендігі мақсаты  аянбай тер төгіп, Америка төрінде өнер көрсету. Бірінші орта салмақтың үздіктерімен жұдырықтасып, ел абыройын асқақтату. Айта кетейік, шаршы алаңда жасындай жарқылдап жүрген былғары қолғап шебері 14 айқас өткізіп, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған. Ол IBO International мен WBC Continental Americas белбеулерінің иегері.

Батыр Жүкембаев, кәсіпқой боксшы:

-Соңғы екі жекпе-жегімнен кейін америкалық телеарналардан ұсыныстар түсіп отыр. Сондықтан келесі кездесуім Америкада өтуі мүмкін. Ұқсатып жатса, теңеп жатса ол мен үшін жақсылық. Генадий Головкин биік шыңдарды бағындырған адам ғой. Алайда болашақта өзімнің стилі мен өзімнің боксымен танылғанымды қалаймын.

Кеше

13 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде