{metadescription}
Алматыда көше бойынан табылған қыз жетімдер үйіне тапсырылуы мүмкін
Алматыда көше бойынан табылған қыз жетімдер үйіне тапсырылуы мүмкін

Алматыда көше бойынан табылған қыз жетімдер үйіне тапсырылуы мүмкін

Алматыда балалар жұқпалы аурулары ауруханасының қызметкерлері осында әкелінген сәбидің анасын іздейді. 4 айлық қыз өткен айда көше бойынан арбасымен бірге табылған. Қазір ол дәрігерлердің қарауында.

Саида Әбдіразақова, Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

-Дене қызуы болды. Жөтеліп түсті. Іш өту белгілері болды. Соған қарағанда далада ұзақ жатып қалды деген болжам бар.Барлық ем-шаралар жүргізілді. Осы уақытқа дейін іздеп келушілер болған жоқ. 

Қатты тоңып, өкпесіне суық тиген сәби ауруханаға ауыр халде түсіпті.  Оған ақ халаттылар дер кезінде ем-дом көрсетіп, ажалдан арашалап қалдық дейді. Қазір қыздың қыздың денсаулығы қалыпты. 1 айдай уақыт өтсе де, оны іздеп келген ешкім жоқ. Сондықтан дәрігерлер сәбидің құжаттарын рәсімдеп, балалар үйіне жіберуге дайындауда. Ал оның жақындарын тәртіп сақшылары таппай жатыр. Іздеу шаралары нәтижелі аяқталса, оның шешесі аналық құқығынан айырылады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде