{metadescription}
Алматы облысында құрылысшы жігіт үй иесін өлтіріп мәйітін бетондап тастаған
Алматы облысында құрылысшы жігіт үй иесін өлтіріп мәйітін бетондап тастаған

Алматы облысында құрылысшы жігіт үй иесін өлтіріп мәйітін бетондап тастаған

Алматы облысында ауылдасын айуандықпен өлтірді деген күдікпен бір азамат ұсталды. Танысының үйіне құрылысшы болып жалданған ол үй иесін балтамен ұрып, оның қансыраған мәйітін моншаның ішіне көміп тастаған. Тіпті, осы қылмыстан бейхабар інісіне көмілген өліктің үстінен бетон құйғызыпты. Жантүршігерлік оқиғадан кейін Көксай саяжайының тұрғындары жағаларын ұстап отыр.

-Қанды қылмыс осыдан он күн бұрын осы үйде болған. Екі ауылдастың әңгімесі жанжалға ұласып, 40-тан асқан азамат үй иесін балтамен ұрып, айуандықпен өлтірген. Өлікті жасыру үшін мына моншаның ішіне оны көміп тастапты.

Ертеңіне қаскөй еш шімірікпестен асарға келген інісіне қаңсыраған мәйіттің үстіне бетон құйғызыпты. Адам шошырлық оқиғадан бейхабар марқұмның туғаны монша құрылысын жалғастыра берген. Ал әлгі жауыз «қолмен істеген қылмысын» білдіртпес үшін сол күні із суытыпты.

Райгүл Данова, Көксай саяжайының тұрғыны:

- Туған інісіне  бетон құйғызған ғой. Ерлан білмеген оны. Сол күні асар болып, қақпа барлығын жабу керек еді. Бауыры екенін білгенде, жылады ғой. 

Азамат есімді күдікті 31 жастағы марқұм Бақыт Ақжоловтың үйіне құрылысшы болып жалданған екен. Үйді бірге тұрғызып, емен-жарқын араласқан ауылдастар арасындағы жіктің неден туғанын саяжай тұрғындары айтып берді.

Райгүл Данова, Көксай саяжайының тұрғыны:

-Жаздай тамақ беріп жүрдім ғой. Ол бала үйдің мына жағын және моншаны салды ғой. Бұлар ақшаға келісе алмай қалған.

Әу баста марқұмды туыстары жер көктен іздеген. Тек жігіт ағасының жесір қалған әйелі үйдің қабырғасына шашыраған қанды көріп, ауланы тінтіпті. Ақыры мәйіт екі күннен кейін монша ішінен табылды. Ал жантүршігерлік оқиғаны естіген Көксай саяжайының халқы әбден шошып қалған. Күнде аралас-құралас болған адамның мұндай қатігездікке баратыны төрт ұйықтасақ, түсімізге кірмеді дейді.

Рашид Байжанов, Көксай саяжайының тұрғыны:

- Өзіміз отырмыз, қорқып. Балаларды ешқайда шығармай. Тастап кетуге де қорқасың.

Бой тасалаған күдікті бір аптадан кейін Түркістан облысында қолға түсті. Қазір қанды оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Әйгерім Көппаева, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

-Ол Есік қаласына жеткізіліп, Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл азаматтардың арасында нақты қандай кикілжің болғанын тергеушілер анықтайды. Ал Бақыт Ақжоловтың артында еңіреп жан-жары мен анасы қалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде