{metadescription}
"Кенже" фильмінде басты рөлде ойнаған Айбек Жебегенге шұғыл көмек қажет
"Кенже" фильмінде басты рөлде ойнаған Айбек Жебегенге шұғыл көмек қажет

"Кенже" фильмінде басты рөлде ойнаған Айбек Жебегенге шұғыл көмек қажет

Үлкен экранның кішкентай жұлдызы Оңтүстік Кореяда әлі де өмірі үшін арпалысуда. Ермек Тұрсыновтың «Кенже» фильмінде басты рөлде ойнаған Айбек Жебегенге шұғыл қаржылай көмек қажет. 11 жасар актер лимфомаға, яғни онкологиялық дертке шалдыққан. Кореялық дәрігерлер бұл аурумен жарты жылға жуық күресіп келеді. Әлі де біразға созылатын ем шарасына қомақты қаражат қажет. Ал науқастың ата-анасы ондай ақшаны қайдан аларын білмей отыр.

Отандық туындыда кішкентай бала өз рөлін шынайы ойнап шыққан. Камера да, режиссердің қатал талабы да, қолайсыз ауа райы да оған қорқынышты болған жоқ. Ол үшін қорқынышты сәт енді келгендей. Биыл сәуірде Айбектен қатерлі дерт анықталып, жарты жылдан бері Оңтүстік Кореяда ем қабылдап жатыр.Кішкентай актердің жанынан анасы күндіз-түні айналшықтап шықпайды. Баласын әр кез сурет пен видеоға түсіріп көңілін аулауға тырысады.

Қатерлі ісік диагнозын Айбекке кореялық дәрігерлер қойған. Алғашында елімізде асқазан ауруынан емделіп, одан денсаулығы әбден нашарлап кетіпті. Хәл үстінде жатқан баланы жақындары Кореяға шұғыл алып кетеді. Онда лимфома дертіне шалдыққаны нақтылынады. Кішкентай актер осымен 27 апта химиялық ем-дом алып жатыр.

Венера Оңалбаева, Айбектің анасы:

-Осы емнің бәрін тек қана сіздердің арқаларыңызда алып отырмыз. Көмек қолдарыңызды созып , көпті көрсе көл болады деп қазақ халқының қалай көмектесетінін  көрдік.Қазір емді алып жатырмыз.

Яғни емлдеу шаралары әлі де жалғасады. Бұл дегеніміз оған тағы 50 мың доллар қажет деген сөз. Мұндай қаржыны қалтасы көтермейтін ата-ана қайрымды жандардан көмек сұрайды. Олар да, Айбектің өзі де «дауасыз дерттің болмайтынына» үміттеніп отыр.

"Kaspi Bank" АҚ, KZ65722R000024086441

БИК: CASPKZKA БИН: 971240001315

Оналбаева Венера Наркузыевна, ЖСН 770214402431

Qiwi әмиян: +7 707 720 71 60

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

15 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде