{metadescription}
Алматыда автобус жүргізушілері психологтардың көмегіне жүгінуге мәжбүр
Алматыда автобус жүргізушілері психологтардың көмегіне жүгінуге мәжбүр

Алматыда автобус жүргізушілері психологтардың көмегіне жүгінуге мәжбүр

Оған себеп - ұрысқақ жолаушылар. Күнделікті жанжалдан әбден мезі болған қоғамдық көлік тізгініндегі азаматтар сабырлы болудан да сабақ алып жатыр.          

Қоғамдық көлік жүргізушілері тек өз-өзін ұстауды ғана емес, азаматтармен қалай сөйлесуді де үйренуде. Өйткені көп жағдайда кикілжің болмашы нәрседен басталады екен. Ал 10 сағаттан тұратын әдептілік курстары сондай түсінбеушіліктердің алдын алуға көмектесуі тиіс. Яғни неғұрлым жылы сөйлеп, жанжалды болдырмауға тырысу керек. Психологтардан осындай арнайы сабақ алып жатқан жүргізушілер, көбіне жолаушылардың өздері арандататын айтады. Дөрекі сөйлеп, тіпті намысқа тиіп жатады дейді. Сондықтан көпшіліктің де әдептілік сақтауын сұрайды. Айта кетейік, арнайы психология курсына жастармен қатар, 25, 30 жылдық тәжірибесі бар жүргізушілер де жазылған. 

Бағдат Ақанов, автобус жүргізушісі:

-Біреу үйінен ұйқысы қанбай шығады. Негізссіз айғайға басатын жолаушылар тағы бар.  Осының бәрін жүргізушілерден көргісі келеді. Кейде осындай қысымға шыдамай жүргізушілердің артық сөйлеп жіберетіні бар енді.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

15 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде