{metadescription}
Коммуналдық компаниялар алматылықтарды да алдап түсірген
Коммуналдық компаниялар алматылықтарды да алдап түсірген

Коммуналдық компаниялар алматылықтарды да алдап түсірген

Төлемақыны қолдан өсірген монополистер тұрғындардан бақандай 7 миллиард теңгеге жуық ақша сыпырып алыпты. 

Роллан Ягмусов, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі: 

- «АлматыЭнергоСбыт», «Алатау Жарық Компаниясы»,«АлматыСу», «ҚазтрансГазАймақ», «АлматыЖылуЖелілері» шығындарының көбейгенін сылтауратып, тариф ақысын негізсіз өсіріп отырған. Сөйтіп, тұтынушылардан заңсыз үстеме ақша алған. Қазіргі кезде аталған компаниялардағы кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік, әрі тәртіптік жазаға тартылды.

Ал олардың төлемақыдан тапқан ақшаларын тұрғындарға кері қайтару міндеттелді. Атап айтқанда, жылу, су және жарық бағасы біраз уақыт төмендетілген тарифпен сатылатын болады. Ал коммуналдық компаниялардың жұрттан әр нәрсені сылтауратып жинап алған жалпы қаржысы - 6 миллиард 600 миллион теңге. Атап айтқанда, «АлматыЭнергоСбыт» 1 миллиард 100 миллион теңге, «АлматыЖылуЖелілері» де 1 миллиард 100 миллион теңге,  «АлматыСу» 600 миллион, «ҚазТрансГазАймақ» 1 миллиард 300 миллион. Ал ең қатты кеткені - «Алатау Жарық Компаниясы». Ол тұрғындарға төлемақыға үстеме 2 миллиард 100 миллион теңге төлеттіріп қойыпты. Бірақ коммуналдық қызмет есебінен миллиондап пайда көргендер әкімшілік жазамен құтылып отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде