{metadescription}
Серік Аманғалиевтің  ұсталған сәтіндегі видеосы жарияланды
Серік Аманғалиевтің  ұсталған сәтіндегі видеосы жарияланды

Серік Аманғалиевтің ұсталған сәтіндегі видеосы жарияланды

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары пара ретінде алған 115 мың еуро ірі көлемдегі ауызбастырықтың үштен бір бөлігі ғана болып шықты. Серік Аманғалиев құрылыс компаниясының басшысынан 400 мың еуро алуға келіскен Бұл теңгемен 170 миллионнан асады.

Жанна Бастарова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

-Ол мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында іске асырылып жатқан құны 4,5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобасы бойынша қамқорлық жасаған. Ол үшін құрылыс компания басшысынан келісілген 400 мың еуроның бір бөлігі 115 мың еуроны алды деп күдік бар.

Ал, бұл – Серік Аманғалиевтің Ақтау әуежайы маңында парамен ұсталған сәті. 57 жастағы шенеунік бизнесменнен алған 115 мың еуроны екіге бөліп, сырт киімінің ішкі қалтасына тығып үлгерген екен. Мәліметтерге қарағанда, бұл ақшаға әкім орынбасары құрылыс компаниясының директорына лобби жасап,  құны бірнеше миллиард болатын жобаны беруге уәде еткен. Қазір екеуі де екі айға қамауға алынған. Шатылып жатқан шенеунік Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметіне бір жылдай бұрын тағайындалған болатын. Ал облыс әкімі Ералы Тоғжановтың өзге үш орынбасары да қазір жұмыс орнында жоқ екен. Біреуі емделіп жатса, екіншісі іссапарда. Ал, үшіншісі бір ай бұрын өз еркімен қызметінен кеткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.