{metadescription}
Полицейлерді қызтекеге теңеген «Қарағанды аруы» жазадан сытылып кетті
Полицейлерді қызтекеге теңеген «Қарағанды аруы» жазадан сытылып кетті

Полицейлерді қызтекеге теңеген «Қарағанды аруы» жазадан сытылып кетті

Полиция қызметкерлерін балағаттаған 2015 жылғы «Қарағанды аруы» байқауының жеңімпазына қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Сұлудың айтқанын зерттеген сарапшылар полицейлерге дөрекі сөйлеген қыздың арам ойы болмаған деп, айды аспаннан бір-ақ шығарған. 

Осылайша полиция қызметкерлерін қызтекелерге теңеген сұлу сүттен ақ, судан таза боп шыға келді. Сараптама жасағандар ол эмоцияға беріліп кеткен деген қорытынды шығарыпты. Естеріңізге салсақ, сұлу қыз жол ережесін бұзғаны үшін, өзіне айыппұл салған полицейлерге қатты ренжіген. Сондықтан еркелігін көтермеген тәртіп сақшыларын қызтекелер деп әлеуметтік желіде жазған. Іле шала қылмыстық іс те қозғалды. Дегенмен, сөздің мағынасын мың құбылтуға шебер филолог лингвистер ауызына абай болмаған аруды ақтап алды.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.