{metadescription}
"Соғыстан оралғандай": Түркістанда  ата-аналар балаларын автобусқа отырғызудан бас тартты
"Соғыстан оралғандай": Түркістанда  ата-аналар балаларын автобусқа отырғызудан бас тартты

"Соғыстан оралғандай": Түркістанда ата-аналар балаларын автобусқа отырғызудан бас тартты

Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында жүздеген оқушының ата-анасы баласын мектепке жібермей отыр. Себебі, мектеп бара жолдың машақаты ауыр. Жібек жолы ауылындағы мектепте жөндеу жұмыстары қазан айының соңында басталып, ал оқу ордасындағы 920 баланы маңайдағы 4 ауылдың мектебіне бөлген. Бірақ, мың шақты оқушыны тасымалдауға бар-жоғы 5 автобус беріпті. Осының салдарынан, үйден мұнтаздай боп шыққан балалар соғыстан оралғандай келеді дейді ата-аналар.

Он күннен бері оқушылар оқуына осылай бір-біріне мінгесіп барып келуге мәжбүр. Жүректері қысылған соң шыдамай бір-бірінің үстіне құсатын жағдайлар да жиілепті. Балаларына жаны ашыған ата-ана шыдамай бүгін Жібек жолы ауылында айғайға басты.

Халида Заитова, ата-ана:

-Балалар бәрі қысылып барады, қысылып келеді. 120 баланы бір автобусқа тығуға бола ма? Ескі автобустар сынып қалады. Балалар сабаққа кеш барады, кеш келеді.

Жібек жолы ауылындағы жалғыз мектепте күрделі жөндеу қазанның 25-і бір-ақ басталыпты. Ал, мектептегі 920 оқушыны жөндеу жұмыстары кезінде көрші ауылдардағы 4 мектепке бөлген. Олардың тасымалына бар жоғы 4 автобус қойылып, ата-аналар шағымдана берген соң бүгін 5-шісін қосыпты. Алайда, айрықша арызданғыш ата-аналар үшін балалары зардап шегіп жатыр екен.

Айгүл Іздібаева, ата-ана:

-Менің өз қызым жақсы оқитын еді. 3-ке түсіріп тастапты. Қазір міне сіздер кеп тұрғаннан кейін әдемілеп балаларды әкетіп жатыр.

Ата-аналар шу шығарып, оқушылардың мектепке баруы күрт азайған соң білім бөлімінің басшылары да ауылға жетті. Шағымды тыңдағанымен нақты жұрт айтқан қосымша автобустарды қосар-қоспасын айта алмады. Тек, аудандық шенеуніктердің аузына түспегенді жөндеуі бітпейтін жатқан мектеп директоры қойып қалды.

Болаттемір Алтаев, Бөкейханов атындағы жалпы орта мектептің директоры:

-5 автобус қазір. Бұлардың талабы бойынша барлығы отырып баруы керек дейді. Ол дұрыс та шығар. Ол үшін 32 автобус керек. Енді 32 автобусқа сіз есептеңіз білім бөлімінің ақшасы жетпейді., оған 60 миллион теңге кетеді.

Әйтсе де, директор айтқан 60 миллион теңгенің шығуы екіталай. 25-ші қазаннан 1-ші желтоқсанға дейін тасымал үшін бар болғаны 5 миллион 130 мың теңге ғана бөлінген екен. Сондықтан, оқушыларға қысқа дейін шыдаудан басқа амал жоқ сияқты. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде