{metadescription}
"Күндіз әртіс, кешке күзетші": Алматыда танымал әртістер жалақыларын көтеруді талап етті
"Күндіз әртіс, кешке күзетші": Алматыда танымал әртістер жалақыларын көтеруді талап етті

"Күндіз әртіс, кешке күзетші": Алматыда танымал әртістер жалақыларын көтеруді талап етті

Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театры ұжымының айлығы шайлығына жетпейді. Әртістер амалдың жоқтығынан сахнадан кейін басқа жұмыс істеп күн көруге мәжбүр. Жүзден астам өнер өкілі қол қойып жақында Ақордаға хат жолдаған. Базыналарын Мәдениет және спорт министрлігіне де жеткізген.

-Жалақымыз 40 мыңнан 100 мыңға дейін. Сондықтан "халтура" іздеп  тойға шығамыз.

Балет әртісі Әлібек Әспетов сахнада ұршықша иірілгенімен, тұрмысы үшін иілуіне тура келіп тұр. Кәсіби маманның мұндағы табысы пәтер ақысы, несие, азығына жетпейді. Амал жоқ той жағалаумен, ағалаумен өлместің күнін кешіп жүр. Атағы дардай опера және балет театрындағы өзге әртістер де Әлібектің кебін киген.

Тұңғышбек Мұсаев, хор әртісі:

- Жалақым  62 мың теңге. Бұл ақша маған әрине жетпейді. Мен де жалға берілген үйде тұрамын.  Соған 60 мың берем,тіпті  коммуналдық төлемге жетпейді.  Қосымша жұмыс істеуге тура келеді. Кешке мектепте күзетші болып жұмыс істеймін. 

Жалақыға жарымай, жаны қиналған 13 әртіс биыл қимаса да, театрды тастап басқа жаққа ауысқан. Орташа қолдарына тиетін айлық 60-80 мыңның айналасында. Бұлардың Астанадағы әріптестері олардан 2-3 есеге жоғары айлық алады. Ал 80 жылға жуық тарихы бар Абай театры тарландарының тарығуын парадоксқа балауға болар. Тіптен, мұндағы директордың өзі алатын жалақысы отбасын асырауға жетпегендіктен, басқа жақтан нәпәқа табатынын айтады.

Асқар Бөрібаев, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының директоры:

-Менің жалақым 177 мың теңге. Маған жетпейді. Менде концерттер бар, продюсерлік, режиссерлік жұмыс істеймін. Кішкене табам қосымша өзімнің жалақыма.

Өнерге өмірін арнағандардың жалақыдан қағажу көруі жандарына батады. Сананы тұрмыс билеген соң, сахнадағы саф өнердің сапасы ақсамай ма деген сұрақ та туады. Бірақ, басқа түскен баспақшылдан олар киелі сахнаны тастап кетпек емес.

-Айлығы шайлығына жетпейтін әртістердің әзірге жақсы жалақыға қол жетер күн жақын деп үміттенуден басқа амалдары жоқ. Хат жазылды. Енді министрлік пен билік базыналарына құлақ асып, өнер өкілдерінің басында қордаланған мәселеге атүсті қарамас деп сенгілері келеді. Күрмеуі қиын мәселе шешілгенше, әркім қал-қадірінше тірнектеп, еңбектеніп, күн көреді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.