{metadescription}
Денис Ұланов Рионың қола медалін қайтып алды
Денис Ұланов Рионың қола медалін қайтып алды

Денис Ұланов Рионың қола медалін қайтып алды

Рионың қола медалі нағыз иесін тапты! Екі жыл бұрын болған ойындарға Қазақстан атынан аттанған зілтемірші Денис Ұланов үшінші орынға лайықты бола тұра, медаль тағына алмай кеткен болатын. Төрешілер спортшымызға төртінші орынды місе тұтқызып, ал қола жүлдені ұпай жағынан теңдей түссе де, румындық атлетке алып берген. Алайда, онысы алысқа ұзамай доппингпен ұсталды. Сөйтіп, ақырында күш атасы жеңді.

Халықаралық Олимпиада комитеті қоланы Әлем чемпионаты өтіп жатқан Ашхабадқа арнайы әкелді. Спортшымыз жүрген жарысты орта жолдан тоқтатып қойып, мінберге шықты. Сөйтіп, сонау екі жыл бұрын басқалардың мойнында кеткен медальді нағыз иесіне табыстады.        

- Алақай! Көптен күткен қуаныш!

Денис Ұланов Риода 390 келі салмақты көтеріп, үшінші орынға лайықты делінген болатын. Алайда, төрешілер ұпайы тең болса да, румындық спотшының өнерін жоғары бағалап, қола жүлдені соның пайдасына шешкен еді. Бірақ, көп ұзамай Габриэль Синкраян допингпен ұсталды. Ұйымдастырушылар да қателіктің кеткенін мойындап, Ұлановқа медальді бермек болған. Бірақ та, румындықтар жүлдені қайтарғысы келмей, соттасып жүріп алыпты. 

Жігер Әзбергенов, ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ресми өкілі:

-Неге осылай екі жыл уақыт өтті дейтін болсақ, румындар  шешімге қарсылық танытып, соттасқан болатын. Дегенмен де міне, тиісті медаль өзінің қожайынын тауып отыр.

Екі жыл дегенде әділдіктің орнағанына бәрінен бұрын бапкері қуанған. 

Спортшыдан кешірім сұрағандай болған Олимпиада Комитеті еліміздің көк туына да лайықты құрмет көрсетті. Әуен аяқталғанша, аяқтан тік құрып, жеңімпазды қошеметке бөледі. Сонымен, атлеттеріміз Олимпиададан ел қоржынына салған бұл 6-шы медаль. Барлығы, Риоға 8 зілтемірші аттанған болатын. Ал қолаға қолы кеш жеткен жүлдегерге тиесілі сыйақысы беріле ме, жоқ па ол жағы әзірге белгісіз. Ұлттық Олимпиада комитетіндегілер де, федерациядағылар да ол жөнінде тіс жармай отыр. Тек «Үкімет деңгейінде шешілетін мәселе» деп жылы жауып қоя салды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде