{metadescription}
Автобустағы өрт: Өзбекстан азаматтарының өліміне қатысты сотталғандар үкіммен келіскен жоқ
Автобустағы өрт: Өзбекстан азаматтарының өліміне қатысты сотталғандар үкіммен келіскен жоқ

Автобустағы өрт: Өзбекстан азаматтарының өліміне қатысты сотталғандар үкіммен келіскен жоқ

Ақтөбеде Өзбекстанның 52 азаматының өліміне себепкер болған автобустағы өртке қатысты үкім шықты. Сол кезде көлік тізгіндеген үш жүргізушіге, Шымкенттегі автопарк басшысы мен механигіне бірнеше жылдан жаза кесіліп отыр. Сондай-ақ, сотқа жәбірленуші ретінде арызданған марқұмдардың туыстарының әрбіріне екі миллион теңгеден өтемақы төлеуі тиіс.

-Қос тарап та үкіммен келіспейтінін айтады. Сотталушылар осы күнге дейін кінәларын мойындамады. Ал марқұмдардың туыстары болса жаза тым жеңіл деп отыр.

Сотталушылар ақталатындарына сенімді болған сыңайлы. Олар тым болмағанда шартты түрде жаза кеседі деп ойлаған. Бірақ судья сегіз ай бойы қамауда отырған көлік жүргізушілері Мақсат Пернебеков, Нұржан Қырғызбаев пен Барат Таңатовты бес жылға, осы күнге дейін қолхатпен жүрген автопарк басшысы мен механигін үш жарым жылға бас бостандығанан айырды. Соңғы екеуіне сот залында қолына кісен салынды. Бірақ сотталушылар бұл жазаны қоныс колониясында өтейді. Үкіммен келіспеген көлік жүргізушілері өрттің шығуына кінәлі адам жазасыз қалды дегенді айтады. Өйткені, олардың айтуынша, өзбек азаматтарын Ресейге апара жатқан бригадир жанармай толы шамды теуіп жіберген көрінеді. От содан тұтаныпты. Бірақ ол алғашқыда куәгер ретінде танылғанымен, сотқа мүлдем шақырылмады. Оның қайда жүргенін ешкім білмейді.

Мақсат Пернебеков, сотталушы:

 -Ахраб Ысқақов кінәлі. Ол Ахраб Ысқақов теуіп жіберген. Біз не үшін келісеміз? Біз кінәсізден кінәсіз қамалып кетіп жатырмыз. Бала-шағамызды кім асырайды?

Сотталушылар сондай-ақ автобуста тірідей өртенген өзбек азаматтарының туыстарына моральдық өтемақы төлеуі тиіс. Бұған дейін жәбірленуші ретінде 43 адам сотқа шағым түсірген. Солардың әрқайсына екі миллион теңгені бір айдың ішінде тауып беруі керек. Жүргізушілердің туыстары да оған жағдайлары келмейтінін айтады. Олар осы сот процесіне Түркістан облысынан арнайы келіп, екі ай бойы отырыстың бірде бірінен қалмаған еді.

Айнұр Таңатова, сотталушының жұбайы:

-Мен ол өзбектерге екі миллионнан ақша беретіндей шамам жоқ. 7 бала-шаға. Еш жерде жұмыс істемеймін. Әділ сот болса деген едік. Еш болмаса апелляцияға шығара ма деп едік. Ол да болмады.

Автобуста тірідей жанып кеткен Өзбекстан азаматтарының туыстары үкімді Сарыағаштан тікелей байланыс арқылы тыңдады. Олар процестің басында-ақ Ақтөбеге қатынаудың қиындығын айтып, көшпелі отырысты Түркістан облысынан бықылауға жағдай жасауды сұраған еді. Бүгін сол жәбірленушілердің бәрі қалмай Сарыағашқа келген. Олар үкімнің тым жеңіл болғанын айтып отыр.

Бахтияр Орипов, Өзбекстан азаматы:

-52 адамның өліміне не бары 5 жыл жаза кесу деген не сұмдық? Қазақстандағы аса ауыр жаза осы ма? Біз үкімге наразымыз. Сондықтан қарсы шағым түсіретін боламыз.

-Облыстық сотқа апелляциялық шағым түсіреміз деп отыр. Енді оны уақыт көрсетеді. Дегенмен, кесілген жазаға орай олар қоныс колониясына жіберіледі делінген. Онда кәдімші түрмеге қарағанда аз да болса еркіндік бар. Бірақ тұрғылықты жеріне бара ма, әлде үкім шыққан аймақта қала ма ол жағы да әзір белгісіз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде