{metadescription}
Жезқазғанда мектеп оқушысы 7 жылға сотталды
Жезқазғанда мектеп оқушысы 7 жылға сотталды

Жезқазғанда мектеп оқушысы 7 жылға сотталды

Қатарласын ұрып өлтірген Павел Виноградов енді 11-ші сыныпты темір тордың арғы жағында аяқтайтын болды.

Ал, соққыдан есін жимастан бақилық болған Константин Даниловтың туғандары сот шешімімен келіспейді. Олардың айтуынша, 7 жыл жеңіл жаза. Ал соттағылар қылмыскер тиісті жазасын алды деп отыр. Өйткені ол кәмелетке толмаған. Естеріңізге салсақ, мектеп бітіру кешінен кейін оңбай таяқ жеген жас түлек Жезқазғанның орталық көшесінен ес-түссіз күйде табылған еді. Жедел жәрдем дәрігерлерлері жасөспірімнің өміріне араша түсе алмады. Полиция марқұмды жаны шыққанша тепкілеген 10-шы сынып оқушысын бірден қолға түсірген болатын.  

Татьяна Данилова, марқұмның әжесі:

-Үкіммен келіспейміз, бірақ аппеляциялақ арыз да түсірмейміз. Адвокаттар одан ештеңе өзгермейтінін айтады. Кәмелет жасына толмаған ғой. Сотта ешкімнен қаймықпай, прокурормен салғыласып отырды. Ең сорақысы, бұл қылмыскер 3 жылдан кейін мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін.

Кеше

20 сәуір

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.