{metadescription}
Премьера: «Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда» киносын көріңіз
Премьера: «Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда» киносын көріңіз

Премьера: «Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда» киносын көріңіз

Осы тұста еліміздің кино өндірісі тағы бір жаңа комедиямен толықты. Отандық режиссер Илхам Жалилов биылғы күздің ең қызықты туындыларының бірін көрермен назарына ұсынып отыр. Күлдіргі киноларды қарауға құмар жандар енді «Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда» картинасын үлкен экраннан көре алады.

«Шыңғыс ханның қызы XXI ғасырда» атты фильм, ұлы қолбасшының ерке қызы туралы. Әкесінің әскери жорығына қатысудан жалыққан бойжеткен, қалалық өмірге саяхаттауды армандайды. Тарихи әрі комедиялық туындының режиссері Илхам Жалилов.

Илхам Жалилов, режиссер:

-Фильмнің идеясы осыдан бір жыл бұрын туындады. Ал сценраий жазуға 4 айдай уақыт кетті. Негізі ол өте күрделі процесс. Себебі біз екі жанрды, яғни тарихи және комедиялық жанрды біріктірдік.

Бір жарым сағаттық туындыда бұрынғы дәуір мен қазіргі заман қатар көрсетілген. Әсіресе, осы кезеңдегі әлеуметтік желілер мен гаджеттерге телмірген жастарды қамтыған. Кинода басты кейіпкерді сомдаған жас актриса Ақниет Орынтай. Ол шамамен 800-ге жуық қыздың ішінен таңдап алыныпты. Жоба жетекшілерінің айтуынша, актерлердің барлығы өз рөлдерін шынайы ойнап шыққан.

Илхам Жалилов, режиссер:

-Идея туған кездің өзінде-ақ әр рөлге қай актердің лайық екенін біліп жүрдім. Басты кейіпкерді таңдау жағы ұзақтау болды. Алайда жас актрисамыз Ақниет Орынтайды көре сала осы рөлді бірден ұсындық.

Отандық туынды Алматы, Қапшағай, Астана және Париж қалаларында түсірілген. Режиссер фильм шытырман оқиғаға әрі романтикаға толы болғандықтан, көрермен көңілінен шығары хақ дейді. Ал қызыққа толы картинаны еліміздегі барлық кинотеатрлардан көре аласыздар.

Кеше

18 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде