{metadescription}
"Эйр Астана" Португалияда апатқа ұшырай жаздаған ұшаққа қатысты түсініктеме берді
"Эйр Астана" Португалияда апатқа ұшырай жаздаған ұшаққа қатысты түсініктеме берді

"Эйр Астана" Португалияда апатқа ұшырай жаздаған ұшаққа қатысты түсініктеме берді

Апаттан аман қалды. Португалиядан Қазақстанға бет алған Air Astana компаниясының ұшағынан ақау шығып, ол мәжбүрлі түрде Бежа әуежайына қонды. Апат дабылын қосқан әуе кемесіне тіптен Португалияның екі әскери ұшағы көмекке барған. Жөндеуден енді ғана шыққан Embraer-дегі техникалық ақау неден пайда болуы мүмкін? Ауруханаға жеткізілген экипаж мүшелерінің денсаулығы қалай?

Бұл Embraer 190 ұшағының тек үшінші әрекеттен кейін Бежа әуежайына қонған сәті. Әлеуметтік желіде көкте қайтерін білмей қалықтаған әуе кемесі түскен әуесқой түсірілім тарады.  Оған қоса іштегі ұшқыштардың абыр-сабырда диспетчермен байланысқа шыққандағы әңгімесі де жарияланды.

-Бізге әуежайға жету үшін қандай да болмасын кез келген көмек қажет. Қонуға қолайлы әуежай керек.

Әңгіме ауанына қарағанда, біздің ұшқыштар көмек пен қонатын әуежай сұрап жатыр. Олар әуе кемесін толықтай басқара алмай қалған. Іс насырға шаппай тұрғанда Португалия тарапы Монте Реал базасынан көмекке Ғ16  ұшақтарын оқтай ұшырды. Әупіріммен қонған ұшақ ішінде тек экипаж мүшелері болған. Екеуіне медициналық көмек көрсетілген. "Эйр Астана" компаниясы Португалияда жоспарлы жөндеуден енді ғана шыққан ұшаққа қандай "ұшық" тиюі мүмкін деп түсінбей дал.

Питер Фостер, «Air Astana» АҚ президенті:

-Қазір бір нәрсені кесіп айту қиын. Ақауға не себеп болғанын анықтайтын тексеріс жүргізіледі. Экипаж мүшелері мен инженерлер әзірге Португалияда қалады. Жоспарлы жүргізілген жөндеудің салдары деуге негіз бар. Ұшақты ОГМА компаниясы тексерген.

Оқыс оқиғаға қатысты тексеруді Португалия тарапы жүргізетін болды. "Embraer 190" ұшағы 2013 жылдан бері қолданыста. Экипаж Орталық Азия елдеріне жолаушы тасыған. Бар-жоғы 5 жылдай  қалықтаған әуе кемесінде кілтипан шығуы бәлкім Эйр Астананың кезектен тыс тексеріс жүргізуіне түрткі болар. Қалай дегенмен, сақтансаң, сақтайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде