{metadescription}
Алматыдағы әйгілі «Джаз-бенд» музыкалық мектебінде шу шықты
Алматыдағы әйгілі «Джаз-бенд» музыкалық мектебінде шу шықты

Алматыдағы әйгілі «Джаз-бенд» музыкалық мектебінде шу шықты

Жеткіншектерге кәсіби білім беретін мекемеге жиналған ата-аналардың айтуынша, атағы алысқа кеткен мектепті қайта жасақтап, көпсалалы Оқушылар сарайының құрамына қоспақшы. Алайда ашынған топ бұл қадам іске асса 6 музыкалық мектеп мәртбесінен айрылып, қолдағы барымызды жоғалтамыз дейді. Бірақ салаға жауапты мекеме өкілдері бұл даудың шындыққа жанаспайтынын алға тартуда.

Жар дегенде жалғыз джаз мектебінде әрі тарт та, бері тарттың керін келтірген күнде басқосу. Атқамінерлерден араша сұрағандардың пікірінше, 200-ге жуық оқушы тәлім алатын мекемені қайта жасақтап, көпсалалы Оқушылар сарайына көшірмек. Ал балаларының кәсіби музыкалық білім алуын жөн көретін ата-аналар керағар шешіммен білдей мектепті мәртебесінен айырып,  қарапайым үйірме деңгейіне түсіреміз дейді.

Виктор Арестов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Оқушылар сарайы Кеңес уақытынан қалған үлкен ғимарат қана. Жарқырап көрсететін түгі жоқ. Оларға өздерінің үйірмесін жасақтауға кім кедергі жасапты? Егер біз сол жаққа көшіп барсақ оркестрді құрдымға жіберіп, бәрін бүлдіреміз. Бізге үйірме емес, қалыпты жұмыс істеп тұрған мектеп қажет.

Мектепті көшіруге түбегейлі қарсылық танытқандар мұнда әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары да оқитынын айтады. Әрі қоныс аударса балаларға қатынау қиындық туғызады екен. Ал, мектеп оқушылары әлемдік және ұлттық музыканың бай тарихымен сусындап, кәсіби білім алып шығады. Тіпті, джаз мектебінің түлектеріне шетелде де сұраныс жоғары дейді ата-аналар.

Карина Әділова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Балаларға №4 музыкалық джаз мектебін тәмәмдады деген куәлік беріледі. Осы құжатпен олар еліміздегі кез-келген музыкалық білім ордасына түсе алады. Тіпті, біздің мектептің оқушыларын Еуропа жұрты жақсы біледі. Керек десеңіз, осында тәлім алғандарды шетелдік оқу орындары грантпен қабылдауға әзір.

Атағы алысқа кеткен джаз мектебінің болашағы  бұлыңғыр деген топ шағымдарын арқалап қақпаған есігіміз қалмады дейді. Бірақ ата-аналардың жанайқайына құлақ асатын жан табылмаған. Ал, қалалық білім басқармасындағылар бұлай даурығуға негіз жоқтығын айтады.

Нұргүл Тау, Алматы қалалық білім басқармасы адамгершілік-рухани тәрбие бөлімінің басшысы 

-№4 балалар музыкалық мектебі қазіргі оқып жатқан мекені бойынша, №127 мектептің базасында қалады. Осы оқып жатқан балалардың құқығын бұзбай, сол жердегі жағдайы жасалынып, сол жерде оқып, оқуын бітіреді деген шешімге келді.

Дегенмен, білім басқармасының өкілдері музыка мектебінің аясын кеңейту тұрғысында Оқушылар сарайының жанынан бөлімше ашылатынын жасырмады. Сондықтан жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды дегенді алға тартқан ата-аналардың әлі де көңілі күпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.